15 сәуір. Тағы да махаббат жайлы

Шылымның сіріңкеге ғашық болуы – өз өмірін құрбандыққа шалғаны.

***

«Сүйем» деп айту оңай. Алайда, осы сөздің орасан зор жауапкершілікке жалғасып жататынын біле бермейміз.

***

Тышқан мысыққа өзінің ғашықтығын білдіреді. Мысық ат тонын ала қашты. Тышқан өксік пен өкініш ішінде алыстап бара жатты. Бірақ, ешкім де тышқан кеткен соң, мысықтың жанарына жас алғанын аңғарған жоқ.

***

Шынын айтқанда, айрылысудың өзі де таңғажайып махаббат.

***

 Егер сен менің жанарымдағы тамшы жас болсаң, сенен көз жазып қалмау үшін мәңгі жыламауға ант ішер ем.

***

Әйелдердің тез өзгеретіні – жүз әлпеті, ерлердің ең тез өзгеретіні – жүрегі.

***

Махаббат әлемінде «Кім кімнің алдында ұятты?» деген сұрақ емес, «Еім кімді қадірлей білмеді?» деген сұрақ қана өмір сүреді.

***

Кімде-кім менің жүрегімді өзіне мәңгі іңкәр ете алмаса, онда мені «тұрақсыз» деп бағаламасын.

***

Жапырақтың ағаштан айрылуы – үшінші кейіпкер болған желдің әсерінен бе, әлде ағаштық жапырақты сақтап қала алмауынан ба?!

***

Жалғыз жүрген жанның жалғызсырауы қалыпты құбылыс. Алайда, біреуді шын сағынған жан нағыз жалғыздықтың азабын тартушы. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: hannytech.com