15 сәуір. Махаббат туралы әзілдер

15 сәуір. Махаббат туралы әзілдер

Демалыс күндерінің бірінде қыз бен жігіт дүкен аралап келе жатты. Үйлену тойына арналған киімдердің қасынан өтіп бар жатып, қыздың көзі қадала кетті. Ол өзін аппақ көйлек ішіндегі керемет қалпын елестетіп, сол күндерге сағынышын жасырмады. Сосын барып, жігітіне тіл қатты:

- Жәнібек, ажырасып көрсек қайтеді. Қайтадан саған тұрмысқа шығатын боламын. 

Жауап та күттіріп жатпады:

- Мен сенің орнында болғанда бүйтіп тәуекел жасамас едім.  

* * * 

- Бәрі бұрынғыдай болса деймін.

- Екеуміз қайтадан бірге болу үшін бе?

-Жоқ, мен сен туралы мүлдем білмейтін кездегідей...

***

Баласы ата-анасымен керісіп жатыр:

- Үнемі сіздермен бірге болудан шаршадым. Маған махаббат, романтика, еркіндік керек. Болды, мен кеттім! Жолыма тұрмай-ақ қойыңыздар.

Есік жаққа жақындап қалды. Артынан әкесі қуып жетті:

- Әке, сен естіген жоқсын ба? Мен айттым ғой, мені тоқтатпаңыздар!

- Бір минут күте тұршы, мен сенімен біргемін.

* * * 

Әйелі күйеуіне:

- Сен қалай ойлайсың, отбасылық өмірді жандандыру үшін бір-біріміздің көзімізге шөп салу керек шығар.

- Пайдасыз, көріп үлгердім...

* * * 

Телдидарда кезекті мексикалық махаббат туралы кино жүріп жатыр. Әйелі күйеуіне айтуда:

- Қарашы, ол оны қалай сүйеді!

- Ал сен білесің бе, оған осынысы үшін қанша төлейтінің?

* * * 

Жігіт газет оқып отырып, қызына қарап сөйлеуде:

- Мен саған үнемі айтатын едім ғой, қыздардың сөзшеңдігі шектен шыққан деп. Міне, газет бетінде қыз бала күніне 2200 сөз айтса, жігіт адам 1100 сөз айтады деп жазылған.

- Бұлай болатын себебі, әйел баласы бәрін екі рет қайталап айтуы тиіс.

- Не дейсің?

сурет:straxovo.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига