Әйел болмаса, еркек есінен, еркек болмаса, әйел ажарынан айрылады. А.П.Чехов
Жек көру – ұнатудың арғы беті. Белгісіз автор
Қимасыңды қиғаның -
Сүюің мен сыйлауың. Халық даналығы
Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым. Оралхан Бөкей
Сүюдің сырын көзден көрме, Көңілден ізде. Білгің келсе, сүйер я сүймесін, Ашып қара көңілінің күймесін. Ж. Баласағұн
Достық пен махаббат - осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді. Ж.Поль
Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,
Лапылдап көрсеқызар нәпсіге ерме!
Әйел жақсы болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме! Абай
Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты. Абай
Арада махаббат оты бар неке ғана бақытқа кенелтеді. Толстой
Бізді біреу сүйгенде, өзгелерден артық екенмін деген ойға келуіміз мүмкін. Шындығында, адам махаббатын өзі жақсы болып, кеудесі кең болғандықтан ғана төгеді. Толстой
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: mail.ru