- Негізгі бет
- 15 СӘУІР - 2013
- 15 сәуір. Махаббат...
15 сәуір. Махаббат торты
15 сәуір - Ғашықтар күніне арнап сүйіктіңізге романтикалық тарту ретінде мынандай "Махаббат тортын" жасап көріңіз. Еңбегіңіз бен ниетіңіз сөзсіз бағаланады.
Қамырдың құрамы:
| |
Жұмыртқаның сарысы мен ағын бөлеміз. | |
Жұмыртқаның сары уызын қанттың жартысымен (50г) миксермен араластырамыз. | |
Ақуызды көбіктенгенше миксермен араластырып, қалған қантты қоса отырып, тағы да араластырамыз. Көбіктенген ақуыз бен сарыуызды қосамыз. | |
Ұн, крахмал мен какао ұнтағын араластырамыз. | |
Қызыл бояуышты суда ерітіп, майды жібітеміз. | |
Дайын болған қоспаны құйып араластырамыз. | |
Бояғыш пен еріген майды да осында құйып, жақсылап араластырамыз. | |
Жүрек пішінді табаны майлап, кішкене ұн себеміз (қамыр жабысып қалмау үшін). | |
Қамырды құйып пісіру пешіне саламыз. | |
Орташа отта 25 минут пісіріңіз. | |
Піскенін ағаш таяқшамен тексеріңіз. 5 минутқа пішінде қалдырыңыз. | |
Пішіннен шығарып, бірнеше сағатқа қалдырып қойыңыз. Осылайша қамыры қатайып, басылады. | |
Бәлішті ортасынан пышақ пен жіптің көмегімен екіге бөліңіз. | |
Крем мен әшекелеуге:
| |
Қаймақ пен қантты миксермен араластырыңыз. | |
Торттың бірінші қабатына крем жағыңыз. Қаласаңыз, ортасына жемістер салуға болады. | |
Екінші бәлішпен жабыңыз. Үстінен тағы крем құйып, ақ шоколадпен әдемілеңіз. | |
Торт дайын! Астарыңыз дәмді, махаббатыңыз баянды болсын! 15 сәуір - Ғашықтар күні құтты болсын! |
Дайындаған: Сания Аринова
С. А