15 сәуір – Махаббат күнінде жалғыз қалсаң... (Жігіттерге)

15 сәуір – Махаббат күнінде жалғыз қалсаң... (Жігіттерге)

Ғашықтар күнін сүйетін адамымен бірге өткізуге, өкінішке орай, бәрінің бірдей қолы жете бермейді. Қазақстандағы ер мен әйел адамның  санын ескерер болсақ, әсіресе қыздар көбіне жалғыз қалады екен. Жалғыз қалған арулардың Ғашықтар мейрамын ұната бермейтіні де сондықтан. Әрине! Көшеде құшақтаса кетіп бара жатқан бақытты жандарды көргенде, кім мұңаймайды?! Дегенмен, бүгінде осы бір мейрамды жалғыз қарсы алатын жігіттер саны да жетерлік. Сонымен Ғашықтар күні жалғыз қалған жігіт не істеуі қажет?! Қиын сұрақ болғанымен, жауабы оп-оңай.

Біріншіден, қандай жағдай болмасын, өкінбеу керек! Себебі, сен еркексің! Сен жалғыз болсаң да, жылына бір рет келетін ғашықтар мейрамын барынша жақсы атап өтуге тырыс. Көңіл-күйіңді көтеруге себепші болар деген оймен айтайын: статистика бойынша, жұптардың көбі дәл осы күні танысып жатады. Сондықтан, сен де дәл осы Ғашықтар күнінде өз махаббатыңды кездестіріп қалуың әбден мүмкін. Жақсылап киініп алып, көшеге шық, бірақ, ер адамның табиғатынан аңшы екенін және аңшының үйге олжасыз қайтқаны ұят екенін естен шығарма. Көшеде серуендеп жүргендердің ішінде де жалғыз қалған және өз махаббатын кездестіруді армандайтын арулар толып жатыр.

Ал егер бойдақ досың болса, онымен бірге кешкісін мейрамханаға аттан. Ол жақта өздерің секілді басы бос қыздардың болары сөзсіз. Жандарында ақ боз ат мінген ханзадалары жоқ аруларды көрісімен, еш уайым мен толқусыз атойлап алға ұмтылып, нәзік жанды қыздардың жүрегін жаулау әрекетін бастай беруге болады. Нәтижелі болатынына күмән келтірмей-ақ, қойыңыз. Себебі жалғыздық еркектерге қарағанда, әйелдердің жүрегіне қатты батады. Бұл генетикалық түрде қалыптасатын болуы керек. Әйел адам әрқашан ер адамның қорғауында болуы қажет.

Бірақ, ең бастысы бұл күні өзіңді еркін ұста. Жалғыз қалудан қорықпа. Өмір құбылмалы. Уақыт өтер... Бірақ, бір күні көптен күткен махаббат, күтпеген жерден сізге өзі-ақ келеді. Мейрам құтты болсын!

Махаббат күнінде жалғыз қалған аруларымызға арналған кеңесті мына жерден оқуға болады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет:instagram.com

А. Құлтай