Ғашықтар
1500 теңге
"Кітаптар қалашығынан" сатып ала аласыз. Оқырманды ой орманына алып барып, онда махаббат пен ғашықтықтың басқа салар ауыр тағдыры туралы сыр шертіледі, адамның жан күйзелісі мен тән күйзелісін қатар сипатталады. Өмір тынысының ең айрықша сәттері бедерленген туындының оқырман қауымға берері көп.
1120 теңге.
Жүректі ізгілікке бөлеп, тілекті егіз арнадан іздеуге қол ұшын беретін шығарманың жүрекке қосымша күш сыйлар қасиеті бар. Әйел баласының артық жүрісі мен қасиет-қадірін таразыға салып суреттейтін жазушының ой ұшқырлығы тәнті қылады.
1600 теңге.
1600 теңге.
Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықылас-ілтипатына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің әділет өмірдегі арпалысы шырғалаң оқиғаларға негізделген. Махаббаттың шыңға біткен құдірет-күші ғашықтардың жүрек төрінен орын алып тұра бермек.
645 теңге.
Махаббат сазы
587 теңге
"Меломан" дүкенінен сатып ала аласыз. Адам сезімдерінің тұңғиығына бойлай білу мен сезінудегі қарапайымдылығы ғаламат поэзиямен танысқан кез келген оқырманды сөзсіз таң қалдырады. Күйінішке ортақтасу, бірге қиналу, жақсылық жасау, қайырымды болу — ақынның адамды бағалаудағы және тұтас шығармашылық арқауының басты критерийі болды.
Ақын поэзиясы — өзі өсіп-өнген туған жеріне деген шексіз махаббатының дәлелі.
Киелі түндердің дұғасы
500 теңге
"Жалын" баспасынан табасыз. Данышпандық ойлар мен махаббаттың ауыр күрсіністерін, терең толқыныстарын қауырсын қаламмен әдемі жеткізе білетін ақын ағамыздың әр өлеңі өмірді сүюге шақырады. Уақыттың әр сәтін бағалауға үндейді. Махаббаттың уын ұрттап жүрген жастарды жанға жайлы өлең өлкесіне шақырады.
Соңғы раушан
500 теңге
Мирас – лирик. Мирастың қыз, әйел затына ғашықтығы жырларында тасыған сүттей ернеуінен асып төгіледі. Мирас өткен күнді ұлықтауға, ғашықтықтың хал-ахуалын ұмытпауға шақырады. Ақын ағаның жаны нәзік жырлары соңғы ізденістерге толы.
сурет: Өмірбек Сансызбайдың мұрағатынан; meloman.kz; bookcity.kz; writers.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт