Мерекеге орай, сүйіктіңізді ерекше сыймен қуантыңыз. Оған жылы сөздеріңіз жазылған хатты шай қалташасына қыстырып, сыйға тартыңыз. Таңертең сабаққа, не жұмысқа жиналарда, әр шай қалташасын ашқан сайын бір хатыңызды оқып, көңіл-күйі көтеріліп қалары сөзсіз.
Ол үшін бізге:
- шай қалташалары;
- түрлі-түсті стикерлер;
- ақ парақ;
- қайшы;
- желім;
- ине;
- шағын қобдиша қажет.
Түрлі-түсті стикерлерден төмендегідей хатқалталар жасаймыз:
Кейін шет-шеттерін желімдейміз:
Бізде мынадай хатқалташалар пайда болды:
Кішкентай ақ парақшаларға сүйіктіңізге сәлемдемеңізді, жылы сөздеріңізді жазыңыз:
Шай қалташасының жібіне инені сабақтап, хатқалташасына кіргізіп, байлаңыз.
Кейін ақ параққа жазылған сәлемдемелеріңізді хатқалташасына салыңыз да, қызыл қобдишаға әдемілеп жинақтаңыз.
Енді шай ішсе болады:
Суреттер: massaget.kz
Дайындаған: Анар Мұстафина