15 сәуір. Жеті ғашық

Қазақ халқы ежелден тартып махаббат сезімін, оның нәзік қылын, пәк махаббатқа жету жолындағы жүректі тербетер сан қилы оқиғаларын мейлі, өз жұртында болсын, мейлі, өзге жұртта болсын, жырлап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған.  Халық аузында, оның өлең‑жырлары мен ертегі-эпостарында ежелден айтылып келе жатқан жеті ғашық сөзінің түп‑төркіні Шығыс елдеріне аңыз, дастан болып тараған ғашықтық хикаялармен сабақтас. Бұл фразеологизм қазақ ауылдарының Шығыс әдебиеті мен ежелден келе жатқан үрдісі үзілмеген байланысын аңғартатын тілдік дерек. Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақтың ақындары жеті ғашықты жырға қосып, дастан жасаған. Олардың тыңдаушылары жаттап, кейде жазып алып, елден‑елге таратып отырған. 15 сәуір - Ғашықтар күні қарсаңында тарихта қалған жеті ғашықты еске түсіре отырайық. Қазақтың жыршылары мен ақындарының шығармасында екі нұсқада кездесетін жеті ғашыққа мыналар жатады: а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархад – Шырын, Таһир – Зуһра, Арзу – Қамбар, Уәлік – Ғафра, Уәки – Күлшай; ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиқа, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Жамал, Бозжігіт – Анула (кей нұсқаларда Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы – Ғайым).

Кей жыршылар шығыс халықтарымен қоса, қазақ жұртындағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Еңілік – Кебек, Сәлиха – Сәмен, Қыз Жібек – Төлеген, Қалқаман – Мамыр, Естай – Қорланды да жырлап жатады.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: mail.ru