15 сәуір – Ғашықтар күніне не сыйлаймын? Техно-сыйлықтар

15 сәуір – Ғашықтар күніне не сыйлаймын? Техно-сыйлықтар

Сүйген жүректер сүйіктілеріне "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" мейрамына орай не сыйлаймын деп уайымға салынып жатқан шығар. Дәл қазір сіздермен бірге заманауи аруларға сыйлық таңдаймыз.

Сыйлыққа не таңдар едіңіз: Гүл, кәмпит, сүйіктіңіздің бейнесі салынған жейде, әлде саптыаяқ? Негізі сыйлауға болады, бірақ бұл нағыз қарабайырлықтың белгісі емес пе? Сәл жалықтыратын сыйлықтарға ұқсаса керек. Ал енді не сыйлауға болады деп сұрайтын боларсыз. Жауап берейік. Сүйіктіңізге тарту ететін сыйлығыңыз күнделікті қолданыста пайдалы әрі әдемі болуы тиіс. Осындай сыйлықтардың бірі - жүрек формада жасалған флеш жады.

Бұндай сыйлық сүйіктіңізге өзінің әдемілігімен қоса, қолданылуымен ұнауы тиіс. Егер де қарапайым естелік қағазға бір шумақ өлең немесе бір-екі ауыз сөз жылы лебізіңіз сыйса, көлемі 2 Гб болатын жады құрылғыға романтикалық өлеңдердің шексіз саны мен сүйіктіңізбен бірге түскен суреттеріңіздің жүздеген данасын жазып алуға болады. Бұндай мойыналқаның бағасы бірнеше мың теңгенің көлемінен аспауы тиіс. Жігітке де бірегей дизайны бар "флешканы" сыйлауға болады. Бірақ, бір айта кететін жайт - сүйіктіңізге осындай сыйлық жасар алдында, мейрамның символы жайлы ұмытқан жөн. Жүрек формадағы "флешка" ұстаған жігіт біртүрлі көрінетін сияқты.

 

 Сүйіктіңіздің музыкалық ойнатқышын әдемі тастармен безендірілген құлақшындармен ерекшелеуге болады. Соңғы уақытта бұндай заттар қолданысқа өте жиі енетін болды. Ыстық сезіміңізді махаббатыңызға білдіргіңіз келсе, жұрттан ерекшеленіп, қызыңыздың суреті бар саптыаяқты емес, мынадай техно құрылғыны сыйға тартыңыз.

 

 

Осындай құлақшындардың түр-түрі көп. Қарапайым кішкентай тастармен безендірілгенінен бастап, жүрекше формасына дейінгі нұсқалар кездесіп жатады. Тіпті сырғаға ұқсас құлақшындар да сатылымда кездеседі. Сүйіктіңізді көктемнің нұрға толы мейрамында бір қуантып жіберіңіз.


Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мейрамына орай тағы бір сыйлықты тартуға болады. Сүйіктіңізге сандық фото раманы сыйласаңыз, ол сізді суреттен көріп, көңіл-күйін бір көтеріп алады.  Бұл құрылғы мыңдаған сурет пен бейнені сақтай отырып, өлеңдерді ойнату мүмкіндігіне ие. Бұл раманың көмегімен екеуіңіз сүйіп тыңдайтын әндердің тізімін жасап алып, бірге түскен суреттеріңізді тамашалай аласыздар.

Қазіргі кезде өмірімізді компьтерсіз елестету мүмкін емес. "Ақылды" машина жұмыс орныңыз бен үй интерьеріңіздің айырылмас бөлігіне айналған. Тамағымызды ішуге үлгермей жатып, қолымыз тышқанға созылып жатады. Тіпті, мейрам күндерінде де есептеуіш машинасыз жұмыстарымызды бітіре алмаймыз. Қара-ақ түсті пернетақта мен сұр тышқанның ұсқыны ұнамай ма? Онда оларды өзіңіздің қалауыңыз бойынша түрлі түске бояп алыңыз. Бүгінгі таңда осындай жұмыстармен айналысатын фирмалар кездесіп жатады. Сүйетін қызыңыздың пернетақтасын өзгеше етіп бояп қойсаңыз, қуанышында шек болмайды.

 

 

Тышқан мен пернетақтаны бір стильде бояп, сүйгеніңіздің көңілін көкке көтеріңіз!

 

 

Сүйіктіңізге жүрегіңізді сыйлаңыз! Қазіргі кезде қызықты компьютерлік құрылғылар көптеп кездеседі. Солай емес пе? Жүрек формасында жасалған тышқан сүйіктіңіздің жұмыс орнына сән келтіріп тұрады. Сіздің жүрегіңіз оның қолында. Бұндай құрылғының бағасы 5000 теңге көлемінде.

Араларыңызды мыңдаған шақырым бөлсе де, бір-біріңізге әрқашан жақын болыңыздар.

 

 

Сыйлыққа веб-камера тарту қылсаңыз, әр атқан таңыңызды сәлемдесуден бастай аласыз. Сүйген жаныңыздың сыңғырлаған даусын естігеннен артық бақыт бар ма екен?...

Сондай-ақ, сыйлық немесе гүл таңдау туралы кеңестерімізге бір көз жүгіртіп өтсеңіз артықтық етпейді.

Суреттер: aif.ru