Махаббат жалғыздықты өлтіреді, кейін жалғыздық махаббатты өлтіреді. Бүгін сен екеуміз махаббатымыз мәңгілік болсын деп тілек айтайық! Махаббат өлтірген жалғыздық қайтып оралмасын..
* * *
Менің сүйікті жұмысым – көзімді жұмып алып, сен туралы ойлау... Сен менің өмірімнің мәні, жүрегімнің әні, көңілімнің сәнісің, асылым!
* * *
Сені биге шақырдым... Билеп жүріп, маған сенен өзге ешкім керек емес екенін ұқтым... Өмір бойы жұбымыз жазылмасын, күнім!
* * *
Мен сен туралы ойлап сағынбаймын, мен екеуміз туралы ойланып сағынамын! Мендік жүректің төрінде мәңгі орын аласың.
Мен Алладан қағаз сұрадым, ол маған ақша берді, мен Алладан бір тамшы су сұрадым, ол маған теңіз берді, мен Алладан періште сұрадым, ол маған Сені берді...
* * *
Мен өмір сүргім келетін бір әлем бар. Ол сенің тұңғиық жанарың!
* * *
Жер бетінде миллиардтаған адам бар... Бірақ, мен тек саған ғана өз махаббатымды арнаймын. Себебі, олардың ешқайсысы сен емес...
* * *
Көше көңілсіз, күн де күлмейді, өзің жоқ болсаң, өңім кірмейді... Өзің жоқ болсаң, бәрі көңілсіз, мәнсіз бұл жалған... Өзіңсіз! Сүйгенім, сүйіктім, мен осы сөздерді саған арнағаным үшін бақыттымын!
сурет: lady.tochka.net
Дайындаған: Фараби Арыстанбек