Досымызды өзімізге қалай ғашық қыламыз?

Досымызды өзімізге қалай ғашық қыламыз?

Мақаламызды дос қызын сүйіп қалған жігітке арнауға бел будық. Әлемдегі ең күрмеуі мол күрделі сценарийлердің бірі осы шығар, қалай дегенмен, жиі қайталанып тұрады.

Кез келген адаммен достық орнату қиын емес, ал бірақ өзіңіз үшін ерекше жанмен арада махаббат тұрғыза алу қиын-ақ.  

* * *

Ең күшті досына айналыңыз. Кезекті бір дос болып қоймай, оған сізсіз өмір сүре алмайтындай, барлық проблемасын тыңдап, қиын сәттерде қол ұшын созатын жәрдемшісіне айналыңыз. Екеуіңізге бірдей күшті болуы үшін, ерекше қарым-қатынас орнату тиіс. Адал дос болу үшін, ең алдымен оның сеніміне иелік ету ләзім. Сізге сенер болса, арты махаббатқа ұласатын мүмкіндікті беруі мүмкін. 

Ашылыңыз. Оған өзіңіз жайлы, өзіңіздің армандарыңыз, тілектеріңіз, уайым-қайғыңыз жайлы айтыңыз. Махаббат бұрын бос тұрған тақырдан да өсіп шығуы мүмкін. Қыз сізге тек достық көзқараспен қарап қана қоймай,  өмірде алға қойған мақсаты бар, жетістігі бар жанға қарағандай қарайлауы тиіс. Өзгелерден көрмегенді ол сізден көрсе, көзіне ілінер болсаңыз, соғұрлым сізге жақсы болмақ. 

Өзінің ерекше сезінуіне жол ашыңыз. Оның сізге ең бағалы дос екенін, оны бағалайтыныңызды түсінуге мүмкіндік беріңіз.  Қасыңыздан табылғаны үшін, ауыр сәттерде бірге болғаны үшін, оған алғыс айтыңыз. Сіздің өміріңізге енгізіп жатқан, сізді күлуге итермелейтін қылықтарына шексіз алғысыңызды жаудырыңыз. Бірге армандаңыздар, жоспар құрыңыздар, оларды үнемі жаңартып, жасартып тұрыңыздар. 

Тұспалдаңыз. Сізге оған достан артық ұнайтынын айту қажет. Байқаусыз ойлар, аңдаусыз пікірлер сіздің мейірбан жан екеніңізді оған танытып тастауы мүмкін. Пікірлеріңіздің түп-төркінін іздесе, жұмбақ сырды түсінетіндей болсын.

Мұны сөзбен жасау қиынға соғады. Себебі, ол сіздің достығыңызды өзімен қарым-қатынас орнату үшін ғана пайдаланып жүр екен деп ойлап қалады. Сол үшін, бастапқыда дене қимылымен тұспалдаңыз. (Иығына басын қою мүмкіндігінен айырылып қалмаңыз.) Оның көзіне күле қарап, көп жымия беріңіз.  Бір-бірлеріңізге бұл ұнаса, оны қытықтап, не болмаса арқаға салып, алып жүріңіз. 

Біртіндеп сөзбен тұспалдауға көшіңіз. Оған тамсанатыныңызды жеткізіңіз. Оған ерекше екенін айтыңыз.  Ол қасыңызда болғанда, күннің жақсы өтетінін тілге тиек етіңіз. Бірақ, есіңізде болсын, бұл баяу жол болып шықпақ.

Ескерту: әрбір 20 минут ішінде осылай айта берсеңіз, ол өзін қолайсыз сезініп, сізден аулақтануға тырысуы мүмкін.

* * *

Сүйенішіне айналыңыз. Оның алдында сенімді кеңеске жүгіне алатын жанға айналыңыз. Қиын сәттерде қасында болып, аман-есен өтуіне көмектессеңіз, ол сізге мүлдем басқаша қарап, сізге көп сенім арта бастайды. Оған қолайлы әрі қауіпсіз адам боласыз. 

Байқап көріңіз. Егер сіз тұспалды одан байқар болсаңыз, демек, сіз дұрыс бағытта жүріп келесіз деген сөз. Бірақ, егер сіздің тұспалдарыңыз оған әлсіз жетіп жатса, қаттырақ байқап көруге тырысыңыз. Мұны барынша ашығырақ (көпшілік қыздар осыны қалайды) көрсетуге ұмтылыңыз.

Оңаша қалғандарыңыз маңызды. Екеуден-екеу еш уақытта оңашаланып көрмеген екенсіздер, мына бір қулыққа жүгініңіз. Оны кездесуге шақырып жатпағандай, бірақ шақырып жатқаныңызды өзі іштен білетіндей етіп жасау шарт.

Мейрамханада отырғаныңызды, әдемі қыздың келіп бір сәтке оқудан ойды бөлгенін қалайтыныңызды, ол да болмаса, екеулеп кофе ішуге қалай қарайтынын сұраңыз. 

Өзіңіздің сүйікті әндеріңіз.  Сіз тыңдайтын музыка оған сіз жайлы көп нәрсе айтуы мүмкін.  Қыздың сізді жақсы түсінуіне музыка да өзіндік септігін тигізеді.  Ол үшін, көңіліңізге жаққан махаббат әуендерінің бірін жолдаңыз.

* * *

Шегініп үйреніңіз. Бұл да өте маңызды. Сізді қаншалықты сағынатынын білу үшін, алыстай тұру шарт. Өмірі сарғыш бояуға толып жатса, аз уақыттың ішінде сізді көргісі келеді. 

Бір нәрсеге адымдаған болсаңыз, кішкене шегіне тұрыңыз. Күн сайын көрісіп жүрген болсаңыздар, бірнеше күнге (ешқандай байланыссыз) үзіліс жариялаңыз. Ол сонда өзінің сізді қалай қатты сағынғанын және оған қаншалықты қымбат екеніңізді түсінеді. Үзіліс орнын ұқыпты жеткізіңіз. Байқаусызда одан әдейі қашып жүргендей әсер қалдырып алмаңыз.

* * *

Мына әдіс көмектесуі мүмкін.  Оның қызығушылығын тудыру үшін келесі күні өзге бір қызбен жүріңіз. Қыздарды өзге қыздар арасында танымалдылыққа ие ерлер тартады. Мақсат - оған өзіңіздің қыздарға ұнамды екеніңізді және сіздің де көптеген мүмкіндіктеріңіздің бар екенін жеткізу.

* * *

Сізге деген оның сезімі турасында достардың пікірлерін тыңдаудың қажеті шамалы.  Өзіңіз білетіндей, ақпарат өзгеріп салуы мүмкін. Бұл өзі бір сынып қалған телефонға ұқсайды. Біреу біреуге айтып жатыр, біреу сол ақпараттты мүлдем басқаша жеткізді делік. Ақырында әлгі ақпарат бастапқы күйінен көп өзгеріске ұшырап салады. 

* * *

Табанды болыңыз және бірге ойнап-күліп жүре беріңіз.  Зерттеулер көрсеткендей, бірге қызықты һәм тамаша бір нәрсені қолға алған адамдардың бір-бірімен химиялық байланыста болатыны рас екен. Сол сәтте романтикалық сезімдеріңізбен байланысатын гормон бөлініп шықпақ. 

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: marketdaily.com.cn

 

Л. Лига