- Негізгі бет
- 15 сәуір 2014
- Атақты жұптардың алғашқы...
Атақты жұптардың алғашқы таныстығы
Сүйіп қосылған әйгілі жандардың алғашқы таныстығы қызық болса...
Кейт Миддлтон Уильям ханзадаға сонау 2003 жылы Шотландияда Сент-Эндрюс университетінде бірге оқу оқып жүрген кезінде ғашық болған. Төрт жыл өткенде айырылысып кеткен. 2011 жылы бастары қайта қосылып, отбасы құруға бел буды. Ертегіге бергісіз той өткізілді.
2008 жылы 'Bye Bye' әніне клип жаздырып жатқан уақытта Мэрайя Кэри мен Ник Кэннон бір-бірін сүйіп қалады. Екі ай өтпей жатып, олар отбасын құрады. 2011 жылы Монро мен Мороккан есімді егіздер дүниеге келді.
Дэвид Бекхэм болашақ жары Викторияны алғаш рет Spice Girls тобының құрамынан телеарнадан көрген. Ұзақ уақыт онымен тілдесер жол іздейді. 1997 жылы қайырымдылық матчында жолығысып, арада екі жыл өткенде, бірге отбасын құрады.
Шакира Жерар Пикемен 2010 жылдың жазында Әлем Чемпионатының ресми әні - Waka Waka (This Time for Africa) әніне видеоклип түсіру кезінде ұшырасады. 2013 жылы әйгілі жұптың отбасында Милан атты ұл бала дүние есігін ашты.
Брэд Питт пен Анджелина Джоли 2004 жылы «Мистер және миссис Смит» (Mr & Mrs Smith) фильмінің түсірілім алаңында танысқан. Сол уақытта Брэд Дженнифер Энистонмен некеден болатын. Әйелінің көзіне шөп салмағанын қанша айтып, ақталса да, бір жолы Rolling Stone журналына берген сұхбатында Анджелинаға түсірілім кезінде ғашық болып қалғанын мойындайды.
Ән әлемінің ең атақты әншісі Джей-Зимен танысқан шақта Бейонсе бар-жоғы 18 жаста екен. Араға бір жылды салып барып, олар 'Bonnie & Clyde' альбомына бірлесіп жұмыстанып кеткен.
Оззи Осборн әйелі Шеронмен 1978 жылы, әкесі Шеронның ата-анасынан қарызды алып қайтуға жұмсағанда жолығысқан.
Джада Пинкетт-Смит алғаш Уилл Смитті көргенде, жасы 19-да болған екен. Ол уақытта ол «Беверли-Хиллздың Ханзадасы» (The Fresh Prince of Bel-Air) телесериялына тыңдалымға барған.
2007 жылы кездеспей тұрып, Джастин Тимберлейк пен Джессика Бил ұзақ уақыт дос болып келген. "Біздің танысқанымызда ешбір "жұлдыздық" нышан жоқ" - деген 2012 жылы әнші. - "Біз кездесіп, әңгімелесе бастадық. Кейіндеу мен одан кездесуге шақыруға болатыны жайлы сұрадым".
Майкл Дуглас Францияда өткен кинофестивальдердің бірінде Кэтрин Зету-Джонсты кезіктіріп, бірінші жолы-ақ оған еш қысылмастан былай деген екен: "Мен сенің балаларыңның әкесі болғым келеді".
Көпшілікке үлгі болып келген отбасының шаңырағы соңғы уақытта жиі шайқалуда.
Хавьер Бардем мен Пенелопа Крус алғаш 1992 жылы «Ветчина, ветчина» (Jamon, Jamon) фильмінің түсірілім алаңында танысқан. Дегенмен, 2007 жылдан бастап тұрақты кездесе бастапты.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: lahoripoint.com
Л. Лига