15 сәуір. Сүйіктім тастап кетсе, не істеймін? (Жігіттерге)

Ол сізге қайта оралатындай әрекеттерге ұмтылыңыз. Өзіңіздің өзгергендігіңізді дәлелдеңіз. Ең бастысы - қадам жасаңыз.

Сүйіктіңізді қайтару – өзге жанды табуға қарағанда әлдеқайда қиынырақ мәселе, егер өткен балауса сезімді қайтарғыңыз келсе, онда бұл мәселе қозғауға лайық. Егер сүйікті аруыңызды қайтарғыңыз келсе, келесі кеңестерге құлақ түріңіз:

Ол сізді қайта ұнататындай іс жасаңыз...


1. Оған біраз уақыт бер. Ең бірінші, сізге міндетті түрде жасау керек іс – оған біраз уақыт беруіңіз. Егер оған әрбір 5 минут сайын хабарласа берсеңіз, бұл әрекетіңіз оны тек кері шегіндіреді. 

Оған хабарласпаңыз, жазбаңыз және оны ойламаңыз. Егер кездесе қалсаңыз, сыпайы түрде сәлем беріңіз және өзіңіздің беймаза күйіңізден хабар бермеңіз. Алайда бұл одан мүлдем қашықтау деген сөз емес, сондықтан уақытты тым созып жібермеңіз, оны бірнеше айға жалғыз қалдыру жаңа бір қатынастарының орнатылуына жеткілікті уақыт.

2. Өзіңізге уақыт беріңіз. Жалғыз қалу тек оған ғана қатысты жағдай емес, сонымен қатар сізге де қатысты. Қарым-қатынастарыңызда қай жерде қателік кетті? Соны ойлануыңыз қажет. Оның сезімінің салқындауына не әсер етті? Көп көңіл бөлушілік пе, әлде тым мән бермеушілік пе? Қандай кателік жіберсеңіз де, оны келесі жолы қайталамауыңыз керек.

Жіберген қателіктеріңізді жазыңыз. Және оған қарсы амалдарды ойластырыңыз. Әзірше ешкіммен де кездеспеңіз, тек өткен қатынасыңыз жайында ойланыңыз. Өзіңізді жөнге салыңыз, және өткен қателіктерді қайталамауға дағдыланыңыз. Ненің дұрыс болмағаны жайында ойланып болмай, оны түзету жолдарын айқындамай жатып оны сендіруге тырыспаңыз.

3. Белсенді өмір сүруді бастаңыз. Бұл өзіңізді дамытуыңызға қатысты айтылып отырған кеңес еді. Егер сіз күні бойы тек оның сізге оралғанын ғана қалап, еш шаруасыз, еш іссіз отыра берсеңіз, бұл жайында ол хабардар болады.

Өзіңіз қызыққан істер мен хоббиіңізді тастамаңыз. Қатынастың дұрыс түзілмеуіне байланысты өзіңізге ұнайтын нәрселерді істеуден алыс кетпеңіз. Достарыңызбен көп уақыт өткізіңіз. Олар сізді «қанаттандырады», жаңа бастамаларға жетелейді. Бірдеңемен шұғылданыңыз. Өзіңізді жетілдіріңіз, сонымен қатар, физикалық тұрғыдан да жұмыс жасаңыз, ол міндетті түрде бұл ісіңізді бағалайды.

4. Уақытыңызды жақсы өткізіп жүргеніңізді оған көрсетіңіз. Оған біраз уақыт беріп және өзіңізге де көңіл бөлсеңіз, оның тарапынан да сізге қайта қосылу ойы пайда болады. Әзірше сіз өзіңіздің қандай тамаша жігіт екеніңізді көрсетіңіз және сіздің жаныңызда ол да керемет көрінетінін дәлелдеңіз. Стратегия ойластырыңыз. Оны аңдушы болмаңыз, алайда онымен кездейсоқ кездесулерді ұйымдастырыңыз, белгілі бір жерге белгілі бір уақыт сайын келіп тұрыңыз, өзіңізбен бірге болған қызықты екендігін сездіріңіз.

Күліңіз. Ол бар жерде достарыңызбен сөйлесіп тұрып жарасымды күліңіз. Шабытыңыз шалқысын. Достарыңызбен сөйлескенде сіз үшін олар маңызды екенін көрсетіңіз, тек соларға ғана көңіл бөліп отырғаныңызды ишаралаңыз. Бірақ ол сізге көз салғанда оны елемейтін қылық танытпаңыз. Жымиыңыз, содан кейін достарыңызбен болып жатқан әңгімеге қайта оралыңыз. Билеңіз. Егер сізбен билей алмағанына ашуланған болса, онда дәл қазір би алаңында белсенді екеніңізді танытыңыз. Өзіңіздің жақсы жақтарыңызды көрсетуге тырысыңыз.

5. Оны қызғандыруға тырысыңыз. Бұл міндетті мақсат емес, алайда жағдай әртүрлі болуы мүмкін. Сіздің қарым-қатынасыңыздың бұзылуы оның қызғаншақтығынан болса, онда бұл тәсілді қолданудың қажеті жоқ. Бұл тек оған қарым-қатынастарыңыздың неге бұзылғанын ғана есіне түсіреді. Егер де сіз оны жалықтырып жіберсеңіз, онда оны қызғандыру қажет. Мұны былай істеуге болады:

Онымен сөйлесу барысында өзге қыздарды еске түсірсеңіз. Сөз арасында өзге қыздар туралы да әңгіме қозғап қойыңыз, оның ойында «бұл кім?» деген сұрақ болсын. Сіздің басқа біреумен жүрген кезіңізді көрсетіңіз. Ол қызбен 5 минуттай сөйлесіңіз, содан кейін келесі бір қызбен сөйлесіп кетіңіз және мұның барлығын оның көріп тұрғанын қадағалаңыз. Тым асыра сілтеп жібермеңіз. Бұл керісінше, сіздің пайдаңызға шешілмеуі мүмкін, ол сіздің бұл кеште әртүрлі қыздармен таныса бергеніңізді басқалай қабылдауы да мүмкін, мәселен, "оңбаған" - деп.

ІІ тәсіл


Өзіңіздің қатты өзгергеніңізді байқатыңыз

1. Өзге нәрселерге де көңіл бөлетініңізді білдіріңіз. Барлық назарды оған ғана бұрып қоймаңыз, өзге нәрселерге аударыңыз. Бұл оның сізді қайта таңдауына себепші болады.

Комплимент айтуда өте абай болыңыз. Бұрында оған комплимент көп жаудырсаңыз, енді күніне бір рет қана айтыңыз. Бұл сіздің ұстамды екеніңізді танытады. Сізге жақындауына мұрсат беріңіз. Бұрында, әдеттегідей, сіз бастайтын болған шығарсыз барлық нәрсені, оны түртуді, әңгімені. Енді рөлдерді ауыстырудың жөні келді. 

2.  Бұрын барлығы қиын болған болса, бұл жолы қарым-қатынасты оңайлатыңыз. Егер өткен қатынаста сіздің тарапыңыздан қамқорлық пен сезім болмаса, осы дәл бұл дүниелерді қалпына келтіріңіз. Енді сізге одан басқа ешқандай да ару маңызды емес екенін дәлелдеңіз.

Оған келгенде сіздің күнделікті кестеңіз бос екенін көрсетіңіз және онымен қыдырып қайтуға еш қарсы емес екендігіңізді танытыңыз. Оны аса қызғандырмаңыз. Ол сіз үшін өте маңызды екенін көрсету үшін өзге қыздарға «қырындамаңыз». Мұқият тыңдаңыз. Егер ол өткен қатынаста сіздің оның сезіміне аса назар аудармағыныңызды айтса, онда мұқият тыңдаңыз және сөзіне тура қараңыз. Комплимент жасаңыз. Егер өткен қатынаста бұған көңіл бөлмесеңіз, енді өзгеретін кез келді.

3. Егер ренжітсеңіз, кешірім сұраңыз. Оны қайтарғыңыз келсе, кешірім сұра. Егер сіз оны қатты жараласаңыз келесі жолы сізбен қатынас жасауға деген ниеті жоғалып кетуі мүмкін, сондықтан кешірім сұраңыз.

Адал болыңыз. Оның көзіне қарап салмақты машықпен сөйлеңіз. Нақты айтыңыз. «Барлығы үшін кешірім сұраймын» деп емес, «сен менімен сөйлескің келгенде, сені мұқият тыңдамағыным үшін кешір. Мен сені мұқият тыңдауым керек еді» деу әлдеқайда өтімдірек. Бұл бағаланады. Егер сіздің кешіріміңізді бірден қабылдамаса аса көңіліңіз түспесін. Оның, мүмкін, кешіріміңізді қабылдамағаны өткен оқиғаларды көп уайымдайтындығынан болар.

4. Өзіңіздің қандай саналы жан болғаныңызды көрсетіңіз. Ол сіздің өзгергеніңізді артық сөзсіз-ақ түсінуі қажет. Өзіңіздің өзгергеніңізді дәлелдеп жатпаңыз, бұған ол өзі көз жеткізуі тиіс. Көптеген әйелдер өз серіктестеріне қарағанда әлдеқайда саналы, сондықтан бұл жерде сіз онымен теңдес болуыңыз қажет.

Өзіңізге сенімді болыңыз. Қазір қандайсыз, дәл осы тип өзіңізге қатты ұнайтынын танытыңыз. Жауапкершілік мол болсын. Өзіңіздің финанстық әлеуетіңізді емін-еркін игере алатыныңызды, болашағы бар жұмыс жасайтыңызды байқатыңыз. Қызғаншақ болма. Одан кез келген сөйлескен еркектері туралы сұрамаңыз.  Бұл оны одан әрі кері шегіндіреді. Одан кейін сіз өзіңізді сенімсіз көрсетесіз.

ІІІ тәсіл


1. Оны қандай сезімде екендігіңізден хабардар етіңіз. Егер ол сіздің оған деген сезіміңіздің әлі бар екенін аңғарса, әрі сіздің өзгергеніңізді байқаса, одан әрі ойын ойнаудың қажеті жоқ. Өз сезіміңізді жеткізіңіз.

Таңдаған жеріңізді және белгілеген уақытыңыздың дұрыстығын одан сұрау арқылы тексеріңіз. Оның уақытының бос кезін біліңіз және нақтылаңыз. Жалғыз болуларыңыз тиіс. Бұл түн болса әрі халық аз жер болса, өте тамаша болады. Оның көзіне тура қараңыз сөйлеу барысында. Басқа заттарға алаңдаушылық танытпаңыз, телефонға қарамаңыз. Енді сезіміңізді ашық әрі сенімді, шынайы жеткізетін, бөлісетін кез келді. Егер сіз әлі бастамасаңыз, әрі бір жерден қателік жіберіп қойсаңыз, кешірім сұраңыз. Одан кейін қатты өзгергеніңізді жеткізіңіз және оның екінші мүмкіндік бергенін қатты қалайтындығыңызды айтыңыз. «Менің өзімнің осыншалықты ақымақ болғаныма сене алмаймын! Сен кереметсің, мен барлығын бүлдірген. Маған өзі күнәмді жоюыма мұрсат бер» тәрізді сөзбен жеткізіңіз. Жалынбаңыз, сосын айтқаныңыз сұрақ тәрізді болып қалмауын байқаңыз. Сіздің жаңа қатынасты қатты қалайтындығыңызды ғана жеткізіңіз, ал жауабын өзі айта жатар.

2. Кездесуге шақырыңыз. Ол келіссе, барлығын дұрыс жасау ғана қалды. Сіздің жолыңыз болды, екінші мүмкіндіктің тууына жақын ғана қалды, алайда үшінші мүмкіндіктің болуы екі талай. Онымен көп уақыт өткізіңіз және барлығын дұрыс жасаңыз. Ол үшін:

Романтиканы қосыңыз. Гүл сыйлаңыз және ресторанға шақырыңыз. Оны ыңғайсыз жағдайға қалдырмаңыз, сондықтан тым асыра сілтеу де қажет емес. Жай ғана қарым-қатынастарыңызға біраз романтика қосыңыз.

Комплимент жасаңыз. Кездесу басында және кездесу барысында көптеген комплимент жасаңыз.

Қатты сағынғаныңызды жеткізіңіз. Кездесу кезінде бірнеше рет онымен бірге болған сіз үшін керемет уақыт өткізу екенін айтыңыз.

Ең бастысы, өз қалпыңызда болыңыз. Сіз мүмкін мұқият тыңдай алатын болған шығарсыз, керемет көрінетін боларсыз, алайда бәрібір де өз қалпыңызда қаласыз. Оған ұнайтыныңызға сенімді болып алыңыз. Одан кейін ол үшін аса өзгеріп кетудің де қажеті жоқ, өзіңізді жоғалтып аласыз.

3. Бірінші кездесу жақсы өтті ме және алда тағы да кездесулер жоспарланған ба, онда олар да дәл бірінші кездесудегідей жақсы аяқталуы қажет. 

Өткен күндерді еске түсіріңіз және қателіктердің ешқашан қайталанбайтыны туралы өзіңізге-өзіңіз уәде беріңіз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: Өмірбек Сансызбай, Нұрлыхан Торыбай