Сезім білдіру әр уақытта қиынға соғады. Оның шынайылығы мен шын сөз болғаны маңызды, сондықтан назарларыңызға мынадай кеңестерді ұсынамыз.
* * *
Махаббаттың маңыздылығы. Махаббат екеніне көз жеткен сәттен бастап, оның шынайылығы мен құдіреті арта бастайды. Осы тұста бір айта кетерлігі, махаббат дегеніміз кейде бос көңіл, зеріккендік немесе жай ғана қызығушылық болып шығуы мүмкін. Сезімнің шынайылығына бірінші кезекте көз жеткізіп алыңыз.
Сезіну. Арадағы қарым-қатынас ілгері жылжыған сайын, достықтан махаббатқа ұласады. Өз ішкі сезіміңізді жайып салатын кез де осы кезде келеді. Ал егер сіз алда-жалда мұны мәжбүрліктен немесе мұны ол қалайтындықтан жасар болсаңыз, онда оның еш шынайылығы болмайды. Сіздің сөздеріңіз шынайы шықпай жатса, оған өзіңізді кінәлаңыз.
Бұл, өз кезегінде, сіздің шынайылығыңыз бен қарым-қатынаста адалдығыңызды танытып қоймай, сонымен бірге сіз алғаш әріптесіңізге махаббатыңызды мойындаған тұста, кеңсе ішінде жағымды сезім ауаны орнайды. Мұндай сәт ұзаққа сақталып, тіпті, бір демді жұтып отырғандай әсерде қаласыздар.
Әріптесіңізді осы сәтте қолынан ұстасар болсаңыз, бұл да сіздің сезім шынайылығыңыз бен адалдығыңызды танытады.
Сөзіңізді оңтайлы сәтінде айтып қалмасаңыз, екінші мәрте екеуіңізге бірдей қолайлы сәт орнамауы мүмкін.
Оңаша жерде тұрған болсаңыздар, өз сөзіңізді қатты етіп те, әлсін сыбырлап та айтпаңыз; құлақ түбіне айтпаған жағдайда.
Өз сезіміңізді жұрт арасында жайып салуға бел бусаңыз, одан алдын бір шешімге келгеніңіз дұрыс: сүйгеніңізді бір жақ шетке алып кету немесе дос-жаранның ортасында қалдыра беру.
Айта кетсек, барлығы сіздің мінез-құлқыңызға байланысты. Бәзбіреулерге жұрт ортасында махаббатты жайып салу романтика болып табылса, ал бәзбіреулер бұдан қатты шошынады.
* * *
Қарымтасына еш нәрсе күтпестен, осы қазір сөзіңізді айтыңыз. Жауап қайырар деп күтпеңіз, бұл жүйкені мазалауы мүмкін. Қысқасы, егер сіз бір нәрсені сезген болсаңыз, мұны бүгіннен қалдырмай айтыңыз және қарымтасына еш нәрсе күтуші болмаңыз. Өз сезіміңізді үмітпен жалғас естіртсеңіз, бұл өз кезегінде әлгі адамды бақыттырақ етіп, оны бағалайтыныңызды көрсетеді.
Тапқырлық. "Мен сені сүйемін" деген сөзі өзге тілде айтыңыз. Өз еркіңіз, өлең құрастырсаңыз да болады. Роза гүлдермен бірге сезім сырыңызды еденге жайып қойсаңыз да болады.
Жұмбақ хабарлама жолдаңыз. Мәселен, Виженер сандарының көмегімен. Ол да болмаса, өз сезіміңізді бірнеше бөлікке бөлінген майда қағаздың ішінде жазулы күйінде қалдырыңыз.
Тағы да қайталап айтамын, өз сөзіңізді кез келген әдіспен болса да жеткізіңіз.
Сөзіңізге жауап беріңіз. Егер сіз сүйдім деп айтқан болсаңыз, онда бұл жай сөздер болып шықпасын. Осыны көрсету ләзім. "Мен сені сүйемін" деп айтып алып, бірақ оны көрсетпеу - өтірік алдағанмен бірдей. Махаббатты сөзде де, іс-қимылда да көрсеткен дұрыс.
* * *
Кейде біздер ата-анаға, іні-бауырға, қарындасқа деген махаббатты әдеттегі нәрсе деп қараймыз. Мұнымыз дұрыс та шығар, бірақ күнбе-күнгі тұрмыста оларды сүйетінімізді айта бермейтініміз өкінішті.
Егер сіз осылай тәрбиеленген болсаңыз, жеңуге тырысыңыз. Отбасыңызда махаббатты жеткізу қалыптасқан көрініс болсын, болмасын, бір мұз құрсауды бұзып алуға сізде тамаша мүмкіндік бар.
Мұны мерекелік кештердің бірінде айта аласыз: тойда, Жаңа жылда, не болмаса отбасылық аста. "Сіздер - менің отбасым, мен сіздерді жақсы көремін", - деп жайып салыңыз.
Өз махаббатыңызды күтпеген тұста, жекелей айтуыңызға да болады. Әкеңізді жай ғана құшақтап, оны сүйетініңізді айтыңыз.
"Мен сені жақсы көремін, досым". Жігіттер қауымына мұның қиын соғатыны анық. Достар - өзіңізді қоршаған жақын жандар. Міне, осы үшін де оларға жақсы көретініңізді айтқан дұрыс.
Мәселен, ол сіздің мектеп күніңізден ең жақсы досыңыз делік. Бір жігіт жүрегіңізді жаралағанда, ол әрдайым қасыңыздан табылды, сіз оның қызы кетіп қалып, қарым-қатынасты доғарғанда, қасында қалдыңыз. Ендігі жолы көріскенде былай деп айтыңыз: "Сен сондай тамаша доссың, мен сені жақсы көремін!". Бәлкім, мұны ол да сезінетін шығар.
Екінші мысал. Сіз досыңызбен үнемі бірге бір командада ойнап, дос болып жүрдіңіз. Талай от пен сулардан өттіңіздер. Ол - сіздің ең жақын досыңыз және оны сіз бауыр ретінде қатты жақсы көресіз. Мереке қарсаңында, жақсы бір кештен кейін: "Мен сені жақсы көремін, достым",- деп айтыңыз. Ыңғайсыз болмауы үшін, иығынан ұрып қойсаңыз да болады.
Сіздің ең жақын құрбыңыз. Сіздер барлық құпияны бірге бөлістіңіздер, бірге ғашық болдыңыздар, бір кештерге бардыңыздар. Егер сіздер әр аймақта (әр елде) болсаңыздар, онда үнемі Skype арқылы хабарласып тұрыңыздар. Сіз жай ғана онсыз бола алмайсыз, сондықтан "Мен сені қатты жақсы көремін, қымбаттым!" - деп айтыңыз. Ол да сізге артынша жауап қайыруға тырысары анық.
* * *
Шүбәсіз махаббатқа ең жақсы мысал - балаларға деген махаббат. Біздің оларға деген махаббатымыздан артық еш нәрсе жоқ шығар. Біз олардан қарымтасына еш нәрсе күтпейміз, біз олар күлгенде бақыттымыз. Олар өсіп жетілсін дейміз, сосын олар да біздің күйімізді кешеді, мақтанышымыз болады, қайран қалдырады, қателіктерге ұрынады, ақыр аяғында біз оларды баяғыдай жақсы көріп қала береміз.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: wallpapersweb.com, vk