Ғашықтар күніндегі романтикалық кеш аса дайындықты қажет етеді. Бұл күні сіз айдай жарқырап, табиғи сұлулығыңызды айқындап, биязы келбетіңізбен баурап алуға тиіссіз. Қазақ қызы табиғатынын сұлу болғандықтан, біз макияжды баттастырып жақпай, сұлулығымызды тек айқындап қоюға тырысамыз. Сондықтан бүгін біз азиаттық бет-әлпетке бояу жағудың қыр-сырымен таныстырмақпыз.
Азиаттық бет-әлпеттің ерекшеліктері:
Көз пішіні – жіңішке және қысық; Кірпіктер – көбіне қысқа және сирек; Түсіңкі қабақ – қабақтың үстіңгі жағын жылжымалы қабақ жауып тұратындықтан көз ісіп тұрғандай әсер болады; Жақ – пішіні айқын; Еріндер – аса үлкен емес, пішіні келісті; Бет терісі – сарғыштау;1-қадам. Бет терісі
Кез келген басқа макияж сияқты, бірінші қадамды бет терісін дайындаудан бастау керек. Терінің кемшіліктерін жасырып, тегістеу үшін бізге тоналды крем қажет. Тоналды крем таңдағанда азиаттық бет әлпеттің ерекшеліктеріне байланысты, кремнің кейбір реңктері жараспайтынын ескеру керек. Мұндай теріге алқызыл реңктерді пайдаланбаған жөн. Азиаттық бет терісіне сары-қоңыр, алтын, сарғыш және карамель реңктер жарайды. Тоналды крем таңдаудың әмбебап ережесі де бар – ол бет терісі реңкінен қошқылдау болмауы тиіс.
2-қадам. Еңлік пайдаланамыз
Еңлік бәр сәтте бет әлпетіңізді жаңартып, жандандырып жібереді. Шабдалы, алхоры және қола түстерді пайдаланыңыз. Барынша табиғи еңліктерді таңдауға тырысыңыз.
3-қадам. Азиаттық көздерді бояу тәсілдері
Бұл ретте біз көз бояудың қажетті реңкін таңдап, қабаққа жағамыз. Азиаттық бет-әлпет үшін суық та, жылы да реңктер жарасады. Бұл тұрғыда түстер гаммасы кең: сарғыш, қошқыл-сұр, жасыл, қоңыр реңктерді пайдалануға болады. Бірақ қызыл түсті көз бояулардан үзілді-кесілді бас тартқан жөн. Одан көздеріңіз ісіп тұрғандай көрінетін болады. Пайдаланатын көз бояулардың құрылымы бұлыңғыр болуы қажет. Егер перламутр құрылымды бояуларды пайдаланатын болсаңыз, бұл да сырт көзге жылаған, суық тиген көз сияқты әсер беретін болады.
Күндізгі макияж жасағанда көз бояуын аз қолдануға тырысыңыз немесе мүлде қолданбасаңыз да болады. Күндізгі макияжға көз бояуын таңдағанда жеңіл, ашық реңктерге назар аударыңыз. Қошқыл реңктерді көздің сыртқы бұрышын айқындауға пайдалануға болады. Ал кешкі макияжға көз бояуларының қою, қошқыл реңктерді, мысалы, қою-қоңыр, қою-көк және күлгін түстерді таңдаңыз.
4-қадам. Сүрме пайдаланамыз
Азиаттық макияжда кірпіктердің сызығын әдемілеп бояу – міндетті штрих. Ол үшін сұйық сүрме немесе қарындаш пайдалансаңыз болады. Сұйық сүрменің қарындаштан артықшылығы – ол жағылып және ағып кетпейді. Сұйық сүрменің көк, қара, күлгін, қошқыл қоңыр реңктерін пайдалана аласыз. Сүрмені көздің ішкі бұрышынан сыртқы бұрышына дейін кірпіктердің үстімен түзу сызу керек. Сыртқы бұрышына қарай сызықты біраз қалыңырақ етсеңіз де болады.
5-қадам. Кірпікті бояймыз
Азиаттық көздерде кірпіктер көбіне қысқы әрі сирек болады. Осы ерекшелікті ескере отырып, кірпіктерді ұзартатын тушьты пайдаланған жөн. Үстіңгі кірпіктерді екі мәрте, астыңғы кірпіктерді бәр мәрте бояса жеткілікті. Соңында арнайы бұйралағыш қысқаштармен кірпіктерді бұйралап қоюға болады. Бұл кірпіктерді сырт көзге қалың және ұзын етіп көрсетеді.
6-қадам. Далап немесе ерін жылтырағы
Азиаттық макияж табиғи ашық реңктерден бастап қою түстерге дейін далаптарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Сурет: goodfon.ru, tengrinews.kz
Дайындаған: Анар Мұстафина