- Негізгі бет
- 15 сәуір 2014
- 15 сәуір. Махаббат...
15 сәуір. Махаббат туралы көркем ойлар
Махаббат туралы қалам тербемеген ақын-жазушы жоқ шығар. Әркім бір-біріне ұқсамайтын әдемі ойлар айтады. Олай болса, сол кісілердің сөздеріне құлақ түріп көрелік.
♥ Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл. Абай
♥ Махаббатта бір-ақ формула бар, ол – тұрақтылық. Ә. Нұршайықов
♥ Менің дінім - махаббат. О. Сүлейменов
♥ Махаббат жоқ жерде болашақ та жоқ. І. Есенберлин
♥ Сайып келгенде әр адам – өз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы үшін қай гүлге қашан су құю керектігін бұлжытпай білетін бағбан тәрізді адам өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тынбастан жағдай жасап тұруы тиіс. Ә. Нұршайықов
♥ Қайырымды, асқақ, күшті және жүрекке жылы нәрсе атаулының бәрін махаббат тудырады. Ф.Э.Дзержинский
♥ Сүйікті болу – бай болудан артық, өйткені сүйікті болу – бақытты болу деген сөз. К. Тилье
♥ Достық пен махаббат – екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді. Жан Поль
♥ Адам аң да емес, періште де емес: айуанша да, қиялдап та емес, адамша сүюге тиіс. В.Г. Белинский
♥ Адамның ақылы жеткен асқан парасаттылық – әйелді сүйе біліп, оның жан сұлулығына табыну. Жер бетіндегі сұлулық атаулының бәрі әйелге деген сүйіспеншіліктен туған. М. Горький
♥ Махаббат дегеніміз – қажеттілік пен сезімнің ұласуы. О. Бальзак
♥ Жек көрудегі сияқты, махаббатта да азап, рақат, қуаныш, қайғы, қорқақтық пен батылдық, тіпті, ыза мен өшпенділік секілді әр алуан сезімдер ұштасып жатады. К. Д. Ушинский
♥ Адам қалауының үш қайнары бар, олар: жан, сана және тән. Жан қалауынан достық, сана қалауынан сыйлау, тән қалауынан құмарлық туады. Осы үшеуінің қосылуынан махаббат пайда болады. («Шабдал бұтақтары» кітабынан)
♥ Біз біреуге сүйікті болу жолында күресеміз, оның себебі өзімізді сүюдің тағы бір себепкерін табу. Дени Дидро
♥ Өзін-өзі ұстай білу, өзін-өзі тәртіпке сала білу – құлдық емес, олар махаббатқа да қажет. В.И. Ленин
♥ Махаббат құдіреті – жер жүзіндегі күллі ізгілік, тазалық, риясыздық атаулының қайнар көзі. Ж. Сталь
♥ Махаббат – адам жанын бағындыру үшін керек бірден-бір құрал. К. Д. Ушинский
♥ Махаббатта да майдандағыдай әркімнің өз тағдыры бар. Т. Драйзер
♥ Азап пен мехнатты адал махаббат жеңеді. Ф. Шиллер
♥ Махаббат жалғыз да, ал оның жалған түрі мыңдап саналады. Ф. Ларошфуко
♥ Махаббаттың құдіреттілігі соншалық, ол біздің өмірімізді де қайта жасай алады. Ф. М. Достоевский
♥ Махаббатқа жетпейді өлең-жырдың өресі,
Махаббаттың өзі ғой өлеңдердің төресі. А. С. Пушкин
♥ Махаббат атаулының қай-қайсысы да баста емес, жүректе болғанда ғана – ақиқат әрі тамаша. В.Г. Белинский
♥ Жүректің өз заңдары бар, бірақ, олар толық жүйелі кодекс құрастыра қоятындай заңдар емес. В.Г. Белинский
♥ Өлім үрейінен сүйіспеншілік күштірек. У. Шекспир
♥ Жек көре білмеген сүйе де білмейді. М. Горький
♥ Қорқақ махаббатқа қабілетсіз, махаббат – ер жүректің үрдісі. М. Ганди
♥ Махаббатта қорқыныш жоқ, толысқан махаббат үшін қорқыныш түк емес. А.А. Блок
♥ Ешқашан достық та, махаббат та іздемеген адам сол екеуін де жоғалтқан адамнан гөрі мың есе сорлы. Жан Поль
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com