- Негізгі бет
- 15 сәуір 2014
- 15 сәуір. Жігіттер...
15 сәуір. Жігіттер сезімін қалай білдіреді?
Ақиық Мұқағали Мақатаев өзінің «Май-махаббат» өлеңінде:
Малынады арманға,
Махаббат жүр орманда,
Махаббат жүр тауларда.
Бірін-бірі іздеген
Ғашықтар жүр жалғанда, – деп жырлады. Ғаламда ғашықтар көп. Ал олардың танысуы да бір әлем. Танысып, сезімін жеткізгелі жүрген жандар да қаншама? Алда 15 сәуір – Ғашықтар күні келеді. Осынау мереке қарсаңында сүйікті жандарына сезімін білдіргелі жүрген жігіттерге деген ақыл-кеңестерімізді ұсынамыз.
1. Қызды ашуландырудың екі жолы бар: Оны суретке түсіру және түсірген суретті оған көрсетпеу. Әрине, әзіл дейін десек, шындық. Ал сіз оған нағыз суретші немесе қолөнер майталманы жасаған туындыны сыйға тартып, өз сезіміңізді білдірсеңіз керемет болары анық.
2. Қазіргі таңда сезімін әлеуметтік желі арқылы білдіріп жататындар да көптеп кездеседі. Ал сіз хат арқылы өз сезіміңізді ерекше жеткізіп те сүйкімді аруыңызды сүйіктіңізге айналдырып алуға мүмкіндігіңіз бар. Тек шынайы әлеміңіздегі пәк сезімді хат арқылы жүрегіне жеткізе алсаңыз болғаны.
3. Егер сіз сүйген ару биіктіктен қорықпайтын болса, қалтаңыз көтеріп жатса, әуе шарымен бірге ұшып, өз сезіміңізді жеткізер болсаңыз ғаламат болары хақ.
4. Жақсы көрген қызыңызға радио, телеарна немесе газет беттерінде құттықтау жолдап, өз сезіміңізді нәзік жыр жолдарымен дәлелдеуіңізге болады.
5. Өмірлік серігім болады деп таңдаған аруыңызды теңіз жағасына немесе коньки тебу алаңына шақырып, өз сезіміңізді жеткізсеңіз де әсерлі болады.
6. Ұнатқан аруыңызға күн сайын сезіміңізден хабар беретін (жүрек пішінді) заттар сыйлаңыз. Ол да сіздің айтар ойыңызды ұға түсетін болады. Және күтеді де.
7. Екеуіңіздің қыдырған, бірге жүрген, киноға барған немесе табиғат аясындағы суреттеріңізден тамаша ғашықтық коллаж жасап шығып, сыйға тартып өз сезіміңізді білдірсеңіз болады.
8. Сезіміңізді ескекті қайықта білдірсеңіз, сөзсіз керемет болады. «Енді біздің жанымыз бір» деп тамаша сәтті мәңгілік естен кетпестей бақыт пен қуанышқа айналдыру сіздің қолыңыздан келуі тиіс.
Сөз – істің көлеңкесі. Сөзбен суреттеген әрекетіңді өмірде істей білсең, махаббатың да, сезімің де жоғалмайды. Сүйгеніңе сөз салып, онымен бақытты болып кетем деген ой болса, батылдау болғандарыңыз жөн!
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: Өмірбек Сансызбай жеке мұрағаты, histudio.ru
О. Сансызбай