- Негізгі бет
- 15 сәуір 2014
- 15 сәуір. Жігітіңіз...
15 сәуір. Жігітіңіз сізді қаттырақ жақсы көрсін десеңіз...
Жігітіңіз басқа қыздарға көз салып жүрген сыңайлы ма? Әлде бұрынғыдай сізге көңіл бөлуді қойды ма? Немесе сіз ол үшін әлемдегі ең сұлу қыз болып қала бергіңіз келе ме? Жігітіңізді сізді қаттырақ жақсы көруге итермелейтін бірнеше қадаммен таныс болыңыз.
Әрекет арқылы махаббат құрамыз
Барлық қарым-қатынас тепе-теңдікке құралған. Тепе-теңдік махаббаттарыңызды сақтап, жігіттердің өздері жиі шағымданатын «қысымнан» босауына ықпал етеді. Өмірдің мына үш жағдайында тепе-теңдік ұстануға тырысыңыз:
Күнделікті тұрмыс-тіршілікте сіз де, жігітіңіз де бар ынтаңызды салуды ұмытпаңыз, сонымен қатар, өзгеріс енгізу де артықтық етпейді. Жұма сайын кино көру – тамаша, алайда оның орнына коньки теуіп қайту ерекше сезім сыйлары анық. Бұл біркелкі әрекеттеріңізге кедергі келтірсе де, ештеңе етпейді.
Махаббат риясыз, уақыт талғамайды және бәрін кешіреді. Қарым-қатынаста алып қана қоймай, беріп те үйреніңіз. Қалауыңызды іске асыратын заттар жасаңыз, алайда екінші жартыңыздың да көңілін көншітіп қоюды ұмытпаңыз.
Қанша сөйлесеңіз, сонша жігітіңізді де тыңдаңыз. Бәлкім, кейде оны бірдеңеге үйрету қажет болатын шығар, ал кейде ол да сіз білмейтін нәрселерді білуі мүмкін.
Жігітіңіздің жеке уақыты бар екеніне көз жеткізіңіз. Жігіттер көбіне тәуелсіз келеді, сондықтан оған еркіндік ауадай қажет, сол себепті әрдайым оны бақылауда ұстауға тырыспаңыз. Ол достарымен қыдырып жүргенде сіз де құрбыларыңызбен кездесіп, әңгімелесуіңізге болады. Бұл екеуңізді де біраз серпілтіп алары анық.
Бұл сіздің оған деген сеніміңізді білдіреді. Және ол әрдайым сіздің сеніміңізден шығуға тырысатын болады. Егер оның өз-өзіне жауапты болуына сенімді болмасаңыз, ол сіздің сенімсіздігіңізді көріп, кері кетеді.
Махаббатыңызды көрсету үшін тосын сый ұйымдастырыңыз. Жігітіңіз не істегісі келіп жүргенін немесе не алғысы келіп жүргенін еске түсіріп, соны пайдаланыңыз. Егер ол сыйлықты күтпей жүрген болса, бұл оған қатты әсер етеді.
Жігітіңіз спортты жақсы көре ме? Футбол не баскетболға билет алып беріңіз. Ал адреналинді жақсы көрсе, онымен бірге көңіл көтеру паркіне барып, америкалық сырғанаққа (горкаға) отырыңыздар.
Жігітіңіз романтиканы жақсы көрсе, оның сүйікті ақынының кітабының сыртына әдемі махаббат сөздері жазылған хатпен сыйға тартыңыз.
Егер жігітіңіз қыдырғанды ұнатса, онымен бірге жорыққа шығыңыз. Немесе жергілікті зообаққа барып, хайуанаттарды тамашалап қайтыңыздар.
Кейде дос жігіттерімен сөйлесіңіз. Жігіттермен қызықты әңгіме құра алатын қыздар бәріне ұнайды. Әзілдесіңіз, қуанышты кейіп танытыңыз (олай болмаса да) және барынша босаңсуға тырысыңыз. Тек қылымсып сөйлесіп отырмағаныңызға көз жеткізіңіз.
Түскі ас салынған пакетіне немесе қалтасына хат-хабарлама салып жіберіңіз. Жүректен шыққан сөзді ғана жазуға тырысыңыз, ештеңеге қарамастан оның жанынан табылатыныңызды білсін. Хатты барынша қысқа етіп жазғаныңыз жөн.
Кешкі ас ішуге мейрамханаға аттанып, әңгімелесіп, босаңсып қайтуға тырысыңыздар. Оған сезімдеріңіз жайлы айтып, ой-пікіріңізбен бөлісіңіз. Оның да айтары бар шығар, әңгімелерін мұқият тыңдаңыз.
Бұл кездесулер екеуңізге де ұнауы қажет. Қайықпен жүзу, саябақта серуендеу, зообаққа бару, пойызға мініп, саяхаттау сияқты бір-біріңізді жақындастыратын әрекеттер жайлы ойланыңыз.
Қолыңыздан келгеннің бәрін жасаңыз
Тосыннан оған қошамет сөздер айтып, көз алдыңызда беделін көтеріп қойыңыз. Жалпы бұған дейін жасамаған әрекеттерді жасап, оны таң қалдыруға тырысыңыз. Осылайша оған деген қамқорлығыңызды, оны бағалайтыныңызды білдіресіз.
Оны жиі құшақтап, сүйіңіз. Және құшақтағанда арқасынан сипаудың қажеті жоқ. Осындай сәтте «Мен сені сүйемін» деген жылы сөздерді айтуға болады.
Ұқыпты әрі тартымды киінуге тырысыңыз. Бірақ бар сұлулығыңызды оған ғана көрсету құпталады. Ал көпшіліктің ортасында ханым болу керек. Біреулердің сізге сұқтанып қарағанын жігітіңіз ұнатпауы мүмкін.
Оның жанында сіз қысылмауыңыз керек, әйтпесе ол басқаша түсініп қалуы мүмкін. Онымен болғанда өзіңізді еркін сезініңіз, сонда ешқандай мәселе туындамайды.
Хат алмасқаннан гөрі телефонмен сөйлесіп тұрған абзал. Жігітіңіз көп сөйлемейтін адам болса да, күніне хал сұрасып қою артық етпейді.
Бірге ойнаңыздар. Мысалы, алыстан бастығыңызды бақылаңыздар немесе әуен жазып, ән айтыңыздар. Бір күнді махаббатқа арналған соңғы күн сияқты өткізіңіздер.
Оған арнап қысқа бір өлең жазыңыз. Тіпті гитара немесе қандайда бір аспапта ойнап берсеңіз болады. Өлеңіңізді ойнақы стильде жазып, оны күлдіртуге де болады.
Кеңестер
- Жігіттер өздерін мықты сезінгісі келеді. Кей-кейде оның мықтылығын айтып, мақтап қойыңыз, бірақ жағымпаздану сияқты көрінбесін.
- Онымен бірге болғанда өзіңізді еркін сезініңіз, кейде қалжың айтып, күлдіртіп тұру да артық етпейді. Ол сіздің жан-жақтылығыңызға риза болып қалады.
- Сізді не үшін жақсы көретінін сұрай бермеңіз, әйтпесе бұл оның ашуына тиюі мүмкін.
- Керек кезде жанынан табылуға тырысыңыз.
- Не айтқыңыз келсе, соны нақты айтыңыз. Ешкімнің ойларды оқи алатын қасиеті жоқ.
- Қарым-қатынасты нәрлендіру үшін күнде жаңа бір дүние ашыңыздар, жаңа дүниелерді көріңіздер.
- Оған еркіндік беріңіз және егер ол достарымен қалуды ұйғарса, қысым жасап, ренжімеңіз.
- Күнде әдемі болып жүруге тырысыңыз. Жігіттер өзін күтетін қыздарды ұнатады.
Cурет: prosvadby.com, vk.com, projectbebold.com
Дайындаған: Анар Мұстафина
А. Құлтай