15 сәуір. Дос жігітті өзіңе қарату үшін...

15 сәуір. Дос жігітті өзіңе қарату үшін...

Шындыққа тіке қарайық – әлемдегі әр екінші жігіт саған ғашық болады деген кепілдік жоқ. Алайда, бірнеше айла-әрекет арқылы жігіттерді өзіңе қаратуға мүмкіндік бар. Өзіңе ұнайтын жігітті қарата алмай жүрсің бе, онда біздің кеңеске құлақ түр...

Шынайы бол

Өз келбетіңді жақсы көр. Жігіт саған ғашық болып қалуын қаласаң, ол сені бір көргеннен ұнатуы тиіс қой, солай ма? Дұрыс емес. Ғашық болуы үшін ол алдымен сенің сыртқы сұлулығыңды да, ішкі жан дүниеңді де ұнатуы тиіс. Және келбет – бұл тұрғыда маңызды рөл атқарады. Егер сен өз келбетіңді ұнатсаң және өз-өзіңе риза болсаң, жігіт те мұны сезетін болады.

Өзіңе ыңғайлы, жарасатын, әдемілігіңді айқындап тұратын киімдер ки. Егер ыңғайсыз, жүріп-тұруға кедергі келтіретін және өз стиліңе сай емес киімді кисең, бұл сыртқа бірден білінеді.

Өз денеңді жақсы көр. Іске аспайтын стандарттарға ұмтылудың қажеті жоқ. Қолыңда бар дүниені бағала. Физикалық тұрғыда да, моральдық тұрғыда да өзіңді сау сезіну үшін күніне кем дегенде 30 минут спортпен айналыс.

Өз ісіңнен ләззат ал. Егер жігіт сенің сүйікті ісіңмен айналысып жүргеніңді және өміріңе риза екеніңді көрсе, оны өзіңе ғашық ету мүмкіндігі артады. Сенің әуесқойлығыңды байқап, ол сен жайлы көбірек білгісі келетін болады.

Мектепте немесе университетте оқып жүрген болсаң, мұғалімдер мен сабақтарға шағымданба. Өзіңе ұнайтын және саған ләззат сыйлайтын заттарға көбірек назар аудар.

Позитивті бол. Не жайлы әңгімелесең де әр жағымсыз сәтке 5 жағымды зат тап. Кей-кейде шағымдану ештеңе етпейді, алайда әрдайым уайым мен шағым адамды жалықтырады.

Өзіңді қалай барсың, солай жақсы көр. Өзіңді жақсы көрмейінше, ешкім сені жақсы көрмейді. Өз адами қалпыңды мақтан тұтуың қажет. Ол үшін: өзіңнің мықты жақтарыңды біл. Ерекше 5 қасиетің жайлы ойлап көр, қажет болса, жазып ал. Кейін соларды артықшылығың ретінде пайдалан. Мысалы, егер әзіл-қалжыңды жақсы айтатын болсаң, ұнатқан жігітіңе көрсетіп қалудан қорықпа.

Кемшіліктеріңді мойында. Өзіңді жақсы көру – бұл мінсізбін деп ойлау емес. Жөндеуді талап ететін кем дегенде 3 қасиетіңді ата. Жігіт өзіңмен жұмыс жасап жүргеніңді байқасын.

Өзіңе деген сенімділікті арттыр. Егер өзіңді және айналысып жүрген ісіңді жақсы көріп үйренсең, өзіңе деген сенімділігің біраз артады. Түсінікті етіп сөйлеуді үйрен және өзің мен қорқыныштарыңа мейірімділікпен күліп қара.

Алайда, өзіңе сенімділік пен менмендіктің арасында үлкен айырмашылық бар екенін ұмытпа. Егер әрдайым өзіңнің кереметтігің жайлы айта беретін болсаң, көптеген адамдар сенен теріс айналады.

Оның назарын өзіңе аударт

Көңілді әрі тапқыр бол. Сенімен әңгімелесу жеңіл және сүйсіндірерлік болуы керек. Жігітті көре салысымен жымиып, күлкі тудырар әрекеттер жаса, достарыңмен бірге күл. Позитивтілігіңмен адамдарды өзіңе қарай тарта аласың, өйткені олар сенімен уақыт өткізу қызық деп ойлайтын болады.

Шытырмандарға дайын бол. Ролик тебуге немесе құзға шығуға қорқасың ба? Қорқынышыңды позитивті энергияға алмастырып, өмірдің бар рахатын сезін!

Күлкілі болудан қорықпа. Үндемейтін суық қыз болып, жігіттің көңілін аудартамын деп ойлама. Уақытыңды көңілді өткіз. Көңілді адамдар бірден көзге түседі.

Ым-ишарат тілін пайдалан. Осы арқылы да жігітке белгі беріп, назарын аудартуға болады. Ол үшін:

Көзбен белгі беруден қашпа. Көздерің түйіскенде, оған жымиып, басқа жаққа қара. Бірақ оған ұзақ, көз алмай қарап тұрма.

Қолыңды кеудеңде айқастырма. Қол бұлғап сөйлегенің абзал. Осылайша ашық-жарқын адам екеніңді білдіресің.

Иығыңды түзу ұста. Түзу мүсін адамға сенімділік береді.

Шашыңмен ойна. Бұл жігітпен сөйлесу кезіндегі немесе жай ғана көз байласу кезіндегі үздік тәсілдердің бірі.

Сүйкімді бол. Жігіттер көбіне сүйкімді қыздарға ғашық болады. Сүйкімді, қарапайым және бейкүнә киін.

Тым тартымды киімдер мен түстерден аулақ бол. Пастель түстерді, жинақы белдемше мен блузкаларды таңда. Ұялшақтығыңды алға тартып, ерлердің әңгімесіне араласпа және бейпіл сөздер айтудан аулақ бол.

Қылымсып үйрен. Жігітке қызығушылығыңды білдіру үшін онымен біраз қылымсып сөйлесуің керек. Мұны ашықтан-ашық білдірмей, жай ғана ойнақы бол. Аздап әзілде, ыңғайлы сәтте әжуалауға да болады. Тек артық кетіп қалма.

Өзіңнің даралығыңды көрсет. Егер жігіт саған ғашық болса, демек, ол сенің ерекше екеніңді ойлайды. Әйтпесе неге дәл саған ғашық болды? Сені дара ететін, махаббатқа лайық қасиетіңді айқындап көрсет.

Шынайы бол. Мазасыз болсаң да, тым қарапайым немесе адамдарға ашылуға қорықсаң да, әрдайым шынайы бол. Ол сенің болмысыңды толық білмей жақсы көрмейді.

Ашыл. Оған армандарың мен қорқыныштарыңды жасырмай айт. Алайда оған дейін бір-біріңді жақсы білетіндеріңе көз жеткіз.

Оны қармақта ұста


Оған деген қызығушылығыңды көрсет. Оның балалық шағы, отбасы, өткен өмірі, хоббиі, сабағы жайлы сұра. Оған қызық тақырыптарда әңгімелесуге тырыс. Тіпті саған қызық болмаса да, оны қолдауға тырыс.

Оның пікіріне қызығушылық таныт. Оның қандай да бір мәселеге деген пікірін немесе сенің сырт келбетіңе деген көзқарасын сұра. Оның пікірі сен үшін маңызды екенін білдір.

Оның көңіл-күйін бақылауды үйрен. Егер көңілсіз жүрсе, қолдау білдіріп, демеп жібер.

Оған қошемет сөздер айт. Оның керемет адам екенін, қандай қасиеттерінің ұнайтынын айт. Оған жылы сөздер жазылған хаттар жолдауыңа болады. Қошемет сөздерді шынайы айтуға тырыс. Жағымпазданудан аулақ бол.

Оған махаббатың мен іңкәрлігіңді сыйла. Екеуің бірге болғанда оны жігерлендіретін құшағыңды сыйла. Егер бір-біріңді көп уақыт көрмеген болсаңдар, оны сағынғаныңды айт.

Оны елітетін қасиеттеріңді көрсет. Оған деген қызығушылығыңды ғана айқындап қоймай, жан-жақты екеніңді және ой-өрісіңнің кең екенін көрсет. Егер сен оған физикалық тұрғыда ғана қызық болсаң немесе ол сені жай ғана көңілді қыз деп санаса, ол сені жақсы көріп қалмайды.

Әлемде болып жатқан жағдайлардан хабардар бол. Әңгімені демеп жіберу үшін саясат, мәдениет және т.б. салалардан хабарың болсын.

Жалпы көбірек кітап оқы. Кітап оқу миды дамытады және әңгімеге арқау болатын көптеген тақырыптарға ой салады.

Қызықсыз әрі мазасыз болудан аулақ бол. Өмірден және айналаңдағы құбылыстардан ләззат ал, ол сенімен жүргенде өзін жайлы сезінсін.

Махаббатты сақтап қалу

Тәуелсіздігіңді сақтап қал. Әрдайым оның жанында жүру маңызды емес. Ол сенің жеке өміріңнің бар екенін көруі керек. Өз достарың мен қызығушылықтарыңның бар екенін және кейде өзіңмен өзің болғаныңды қалайтыныңды білуі тиіс.

Екеуіңнің ортақ достарыңның болуы міндетті емес. Бар бос уақыттарыңды бір-бірлеріңе арнауға тырыспаңдар.

Жұмысбасты бол. Оған уақытың аз болған сайын ол сенімен барынша көбірек бірге болғысы келетін болады.

Бір орында тұрып қалмай, жаңа бірдеңе енгізуге тырыс. Бір сарынды дүние уақыт өте келе қызықсыз болып қалады. Қарым-қатынас қанша уақыт өтсе де әрдайым құштарлыққа толы болуы тиіс.

Жаңа хобби табыңдар. Ай сайын өздерің үшін жаңалық ашып отырсаңдар тіпті жақсы.

Саяхаттаңдар. Жаңа мекендерді бірге ашыңдар. Әр жұма сайын бір мейрамханаға бара бермеңдер. Қызықты болу үшін жаңа мекендерді іздеңдер.

Махаббаттарыңды жеткізудің жаңа амалдарын іздеңдер. Сезіміңізді күнде айтудың қажеті жоқ, оларды көрсетуде тапқырлық танытыңыз.

Қысым жасама. Егер бәрі сіз қалағандай болмай жатса, қысым жасамаңыз. Бұдан екеуің де бақытсыз боласыңдар. Сезімді баяу және қинап өлтіргенше қарым-қатынасты үзген жөн.

Шындықты айт. Егер қарым-қатынастарың ұзаққа бармайтынын сезсең, бұл жайлы онымен сөйлескенің дұрыс.

Уайымдама. Көптеген адамдар өмірінде бірнеше рет ғашық болады. Әлі-ақ арманыңдағы жігітті жолықтырасың.

Сурет: glamik.ru, hiconsumption.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina