15 сәуір: Бахытжан Желдербаев ұсынған "Алғашқы махаббат" салаты

15 сәуір – "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" мерекесі қарсаңында "Алдаспан" тобының ритм-домбырашысы Бахытжан Желдербаевтың асханасында қонақта болдық. Қазақтың домбырасын серік еткен серіміз бізді таңғалдырды. Бақытжан барлық ғашықтар үшін "Алғашқы махаббат" салатының мәзірін ұсынады. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/jAmUsszYfpM&feature","width":"450","height":"350"});

 

Құрамы:

тауық еті, майонез

грек жаңғағы

саңырауқұлақ

ірімшік, май

жұмыртқа, тұз

анар, пияз

 

  Пиязды тазартып, жуыңыз да, ұсақ әрі ұзын етіп турап шығыңыз. Осы сәтте тауық пен жұмыртқаны да суға қайнатуға тырысыңыз.

 

  Саңырауқұлақты да дәл пияз секілді турайсыз.

 

  Табадағы майды қыздырып, пиязды саласыз да, 2-3 минуттан кейін саңырауқұлақты қуыруды бастайсыз. Екеуінің де күйіп кетпеуін қадағалаңыз. 5-6 минуттан кейін өшіре беруге болады.

 

  Жаңғақты барынша ұсақ етіп езіңіз.

 

  Кезек ірімшікке келді. Оны да ұсақ әрі ұзын етіп турайсыз. Үккішті де пайдалануға болады.

 

  Піскен жұмыртқаны да ұсақтап тураңыз. Сарысын ұнатпасаңыз, бөлек турап қоюға болады.

 

  Салатты тәрелкеге орналастыруды бастаймыз. Оның пішіні жүрек тәрізді болатындықтан, қатты қағаздан жүрек ойып алуға да болады. Онсыз жасай алатындығыңызға сенімді болсаңыз, іске сәт! Тауық етін бірінші қабатқа орналастырыңыз.

 

  Екінші қабатқа қуырылған саңырауқұлақ пен пиязды салыңыз да, майонезді жағып, тұз себіңіз.

 

  Үшінші қабатқа жұмыртқаны орналастырамыз.

 

  Жаңғақты төртінші қабатқа салып, майонез жағасыз да, тұз себесіз. Оның үстіне ірімшікті салып, майонез жағасыз. Тұзды да ұмытпаңыз. Алтыншы қабатқа анардың дәндерін қойып шығыңыз.

"Алғашқы махаббат" дайын! Асыңыз дәмді болсын!

 

 

Ас үйде болған: Бахытжан Желдербаев және Айгерім Сматуллаева