Мерекелік фильмдер. "Бәйшешек"

Мерекелік фильмдер легін жалғастырамыз.

Ардақты оқырман! Көптен күткен мереке де жақындап қалды. Төбемізде екі күндік демалыс. Осы уақытта босқа өткізбей, жан тыныштандырып, жақсы фильм көруді ұсынамыз. Біздің кезекті таңдауымыз - "Бәйшешек"(Тюльпан) фильмі.

Оқиға желісі қарапайым ауылда өрбиді. Тынық мұхиты жағалауында әскери қызметін өтеген Асхат туған ауылына оралады. Қалада өмір сүруге мүмкіндігінің жоқ болғандығынан емес, дала өмірін сүйгендіктен ғана.

Оралған соң, барлық азаматтар секілді өз өмірін жөндеп, етек-жеңін жиюға тырысады. Үйленуге қыз іздеп, айналасына көз салады. Ауылдағы жалғыз қыз Бәйшешек еді. Дегенмен оның тәкаппарлығы жағдайды бірден шешуге мүмкіндік бермейді.

Жалпы фильмді көріп отырып, әр адамның өмір туралы өз түсінігі болатынын байқауға болады. Сонымен қатар, ауылдық жерде өмір сүретін адамдардың табиғатқа деген ерекше махаббатына куә боласыз. Жан-жануарларға деген өзіндік қарым-қатынасын байқайсыз. Кино комедиялық сәттерге толы болғандықтан, көңіліңізді де көтерудің жақсы құралы деп ойлаймыз.

Фильм осыдан 2 жыл бұрын режисер Сергей Дворцевойдың бастауымен түсірілген. Каннда "Ерекше көзқарас" сыйлығын алған фильм прокатқа енді ғана шығып отыр. 

Рөлдерде: Асхат Кушеншереков, Самал Исламова, Оңдасын Бесікбасов, Төлепберген Байсақалов, Береке Тұрғанбаев. 

Фильм ұзақтығы: 100 минут.

Трейлер: 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/88WeZM8h9sA&feature","width":"425","height":"350"});

Фильмді толығымен мына жерден көре аласыз: БӘЙШЕШЕК

сурет: news.nur.kz