Мерекелік фильм. Махаббат бекеті

Мерекелік фильм. Махаббат бекеті

Ардақты оқырмандарымыздың патша көңілін қанағаттандыру мақсатында әдеттегідей мерекелік фильмдер циклын бастаймыз. 

Келе жатқан мерекені өткізу жайлы қазірден бастап ойлап жүрген боларсыздар. Әлбетте уақыт өткізудің миллион жолы бар. Бірақ біздің ұжым тиімді де пайдалы деп тапқан ұсыныстарын білдірмек. Әркім өз қалауы бойыша шешім қабылдары анық.

Олай болса, біз ұсынатын алғашқы фильм - "Махаббат бекеті".

Фильмнің түсіріліп, көрерменге жол тартқанына биыл 19 жыл толып отыр. Сірә, бұл туындыны көрмеген адам кемде-кем шығар деп ойлаймыз. 

Картина белгілі режисер Талғат Теменовтың жетекшілігімен түсірілген. Оқиға желісін қысқаша баяндар болсақ, былай. Оқушы Гүлназға оның екі сыныптасы Орал мен Жеңіс ғашық болып, сезімдерін білдіреді. Ақыры жас қыз өзінің жұбы болуға Оралды лайық деп танып, сонымен көңіл жарастырады. Дегенмен Женіс оңай берілмеуге бекінеді. Солайша екі жас өсек пен күндестік секілді қарсылықтарға тап болып, талай қиыншылықты бастан өткереді.

Арада біраз жылдар өтіп, уақыт сырғи береді. Тағдырдың айдауымен күндердің күнінде Орал мен Гүлназ екеуі ең алғаш кездескен бекетте қайта қауышады. Фильмнің ең түйінді, жүрекке әсер берер тұсы осы болса керек. Бәрін айт та, бірін айт. Ғашықтық атты ұлы сезімнің көрінісін бақылап, ол жолда бізге ұрынуы мүмкін түрлі проблемаларға назар салып, ой толғауға да жақсы себеп болары анық осы күннің.

Рөлдерді Баян Мұхитденова(Есентаева), Қуанышбек Әділов, Бөпеш Жандаев секілді актерлар сомдайды.

Филм жанры: Мелодрама

Фильм ұзақтығы: 75 минут

Фильмі:

15 сәуір күні мерекелік фильмнен ләззат алыңыз!