Мына жігіт пен қыз есіңізде шығар? Әлбетте, бұл біздің сүйікті кейіпкерлеріміз - Гүлзат пен Манас. Естеріңізде болса, бұл екеуі Ғашықтар күні қарсаңында ҚазҰУ қалашығында бір-бірімен танысқан еді...
Иә, иә, өзіңіз де іштей сезіп отырғандай, бір-бірін ұнатқан қос жүрек жолықтырған тағдырға рақметін айтып, Махаббат кітабының алғашқы парақтарына өз хикаяларын жазуға кірісіп кетті.
Қолұстасып Алматының көшелерін аралаудан шаршамайды. Алматының әр бұрышы, күні мен түні екеуінің сырларына куә болып, қос ғашықты бақыт құшағына бөледі.
15 сәуір. Ғашықтар мерекесі. Сүйген жүректер тағатсыздана күткен толғанысқа толы сәт... Саябақ. Манас Гүлзатымен кездесетінін ойлаған сайын, көңілін қуаныш кернеп, өз-өзінен жымия береді.
Күллі табиғат сілтідей тынып, енді не болатынын бақылап тұрғандай. Асқар тау да алыстан мұнартып, екеуінің бақытына тілекші екендігін тілсіз-ақ білдіреді.
Манас алдынан жарқырап шыққан Гүлзатын көрген бойда, қатты да қалды. Жүрегі аттай тулап, гүл шоғын артына жасыра беріпті.
Құдды ертегідегідей... Манас үнемі сүйгеніне тізерлеп отырып гүл ұсынуды армандайтын. Міне, ол шаққа да жетіпті. Қыздың алдына тізерлеп отырып, қолындағы гүлін ұсынды.
Ғаламтордан не сыйлау керектігі туралы оқып алған. Таңдауы әдемі шашқыстырғышқа түсіп, сүйгеніне қызыл жүрегі бар шашқыстырғыш сыйлады...
Бақытқа толы керемет кез... Бұл сәтте қос ғашық бірнеше минуттан кейін алдарынан не күтіп тұрғанын білмейтін де еді...
Жалғасы бар
Рөлдерде: Гүлзат Қостұрғанова, Манас Қайыртайұлы