15 сәуір - Ғашықтар күні қарсаңында бір-бірін жолықтырған қос ғашық Манас пен Гүлзат бүгінгінің Қозы Көрпеші мен Баян Сұлуындай. Екеуінің махаббатқа тұнған өмірінен бір үзік сыр шертпекпіз...
Ерке көктемнің шуақты күні. Манас достарымен бірге үзіліс уақытында демалып отыр еді.
Кенеттен күн нұрына балқып сызыла басып келе жатқан сұлуды көзі шалып қалған Манас бейтаныс сұлудан көзін тайдыра алмай қалды.
Достарымен бірге отырғанын ұмытып, еріксіз хор қызының артынан ілесе беріпті.
Тағдырдың сыйы ма? Манас сұлуға жақындай түсті.
Кенет... Қыз баспалдақтан түсейін дей бергенде, сүрініп кетті. Манас қыздың қолынан шап беріп ұстай алды.
Бейтаныс жігіттің қолынан ұстай алғанын жақтырмаған сұлу оның қолын серпіп жіберді де, шарт бұрылып, жөніне жүріп кетті.
Манас "Қарындас..." деген сөздің аузынан қалай шығып кеткенін байқамастан, оның артынан қалмай,
қуып жетті. Бейтаныс сұлудың жүзіне күлкі үйіру сымбатты жігіттің қолынан келді.
Дереу нөмір алмастырды.
Әңгімелері жарасқан екеуі әдемі күлкілерімен айналаны нұрға бөлеп жіберді.
Міне, ҚазҰУ қалашығының бір бұрышы тағы бір таныстыққа куә болды.
Қыздың жанарына үкілі үміт тұнып,
жігіттің жүрегінде сезім ұшқыны лаулағандай еді...
Жалғасы бар
Рөлдерде: Гүлзат Қостұрғанова, Манас Қайыртайұлы