Оймақтай ой адамның жүрегіндегі жан сырын жеткізе алатын құдіретке ие. 15 сәуір - ғашықтар күніне орай, махаббат туралы үздік афоризмдерді ұсынамыз.
1. Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. Абай 2. Ғашықтық құмарлықпен - ол екі жол. Абай 3. Ғашықтыққа көз жасың ғана куә. Қ.А. Яссауи 4. Махаббат пен жөтелді жасыра алмайсың. Ел аузындағы сөз 5. Махаббат көп жігіт пен көп қызды өмір бойы қуып жүретін жалғыздықтан құтылудың басты жолы. Бертран Рассел 6. Тірі адамды сүйгеннен гөрі, тәтті естелікті сүю оңай. Пьер Ла Мюр 7. Мүмкін сен бұл әлемде жай ғана адам шығарсың, ал біреу үшін бүкіл әлемнің өзісің. Маркес8.
Махаббат өзін қуғаннан қашып, өзінен қашқанның артынан қуады. Уильям Шекспир 9. Махаббат - адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы. Чарльз Диккенс10.
Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді. Цицерон11.
Ғашықтық адамның өзін-өзі алдауынан басталып, өзгені алдауымен аяқталады. Оскар Уайльд 12. Тәкаппарлық айғай салғанда, махаббат үнсіз қалады. Ф. Жерфо 13. Сезім әлемінде бір ғана заң бар - сүйгеніңе бақыт құрау. Стендаль 14. Жан ғашықтардың еріндерінде тоғысады. П. Шелли15.
Қырық жасқа дейін құлай сүймесең, одан кейін сүйіп қалмауға тырыс. Б. Шоу16.
Кемпірқосақ туралы армандасаң, жаңбыр астына қалуға дайын бол. Долли Партон 17. Әркімнің мінген аты - өзіне тұлпар, әркімнің сүйген жары - өзіне сұңқар. Сырым Датұлы 18. Менің дінім - махаббат. О. Сүлейменов 19. Махаббат адамды танымастай қылып өзгерте алады. Теренций 20. Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,21.
Баланы да, досты да сүюді үйренген соң барып, жақсы көреміз. Ал ер адам сүюді әйелден үйренеді. Р.Вагнер22.
Бір адамның екінші адамға қатты қызығуы үшінші адамның дүниеге келуіне ықпал етеді. Х. Ягодзиньский 23. Біреуді сүю, оны ешкіммен салыстырмау. Б. Грассе24.
Сүю - бір-біріне қарау деген емес, бір бағытқа бірге қарау деген сөз. Антуан де Сент- Экзюпери 25. Махаббаттың бір сағатында бүкіл өмір жатыр. Оноре де Бальзак26.
Біз біреуге сүйікті болу жолында күресеміз, оның себебі өзімізді сүюдің тағы бір себепкерін табу. Дени Дидро27.
Әйелдер оларды түсіну үшін емес, сүйікті болу үшін жаралған. Оскар Уайльд 28. Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде. Луиза Хей29.
Тек кездесу мен қоштасу сағаттарында ғана адам шын мәнінде өз жүрегінде қанша махаббат жасырынып жатқанын біледі. Ж.П. Рихтер30.
Махаббаттағы айрылысу отты үрлеген жел секілді, сезімі әлсізді тұншықтырып, сезімі мықтыны лаулатады. Р. БюссиСуреттер: tululu.ru, mail.ru