Естеріңізде болса, «Қазақ тіліндегі ең үздік махаббат әндерін» анықтау жайлы бастамамыз іске асып, Массагет ауылының тұрғындары белсене ат салысқан болатын. Әрқайсысы үздік деп тапқан махаббат әндерінің атын атап, ең көп аталған ән үздіктер қатарына кірді. 50-ге жуық қолданушы пікірін білдіріп, 210-ға жуық әндердің аты аталды. Солардың ішінде ең көп аталған әндер:
writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/muzart pen melomen_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Бірінші орын «МузАРТ» тобы мен «МелоМЭН-діктердің» біріге шырқаған «Келеді кездескім» әніне бұйырды. Қолданушылардың үштен бірі осы әнді жақсы көреді екен. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/Erkin MAulen_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Екінші орынды Ескендір Хасанғалиевтің «Гүлсезім» әні алды. Бұл әнді Маржан Арапбаева мен Еркін Мәуленнің орындауында да, Қарақат пен Қыдырәлі Болмановтың орындауында да тыңдармандар сүйіп тыңдайды. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/jigitter_kv_kewir_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Үшінші орын. «Жігіттер» квартетінің шырқағанына көп бола қоймаған «Кешір мені» әні көптеген тыңдармандардың көңілінен шыққан сияқты. Бұл ән де өзіне тиесілі орынға жайғасты. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/orda_belg_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Төртінші орын. «Орда» тобының «Белгісіз жан» әні ХХІ ғасырдың басындағы қазақ эстрадасындағы жаңалық десек те болады. Көптеген оқырмандарымыздың бозбала шағында сүйіп тыңдаған әнінің актуалдылығы әлі жоғалмапты. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/Kayrat_Nurtas_Arman_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Бесінші орын. Қазақ эстрадасының есігін «Арман» деген мұңлы әнмен ашқан Қайрат Нұртас осы қалпынан таймай, көптеген жүректі тербер хиттердің орындаушысы болып жүр. Біздің шеруде алғашқы хит әні бесінші орында. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/muzart_kuzgi_bak_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Алтыншы орын. Қазақ тіліндегі ең үздік махаббат әндерінің шеруінде қалайша «МузАРТ-тың» аты аталмай қалады? Әндерінің көпшілігінде махаббатты жырласа да, тыңдармандар арасында «Күзгі бақтың» алар орны ерекше екен. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/meyramb_Se_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Жетінші орын. Ерекше қоңыр дауыспен талай қыз-қырқынның жүрегін жаулаған Мейрамбек Бесбаевсыз ән шеруі бола ма? Әсіресе шеру махаббат жайлы әндерге арналса? Әр әні үздік болуға лайық болғанымен, көпшілік «Сен үшін жаралғандаймын» әнін биік қояды екен. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/melomen_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Сегізінші орын. Жастардың сүйіп тыңдайтын «МелоМЭН» тобының көптеген әндерінің аты аталды. Бірақ көптің қалауы «Бақыт құшағында» әніне түсті. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/asia gajayip kuy_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Тоғызыншы орын. Би алаңдарында жастардың қолтықтасып, баяу ырғаққа еліте билеткен әндердің бірі «Азия» триосының «Ғажайып күй» туындысы үздік ондықтың арасынан көрінді. writeFlash({"src":"https://www.massaget.kz/userdata/uploads/u51491/olender/ramazan_Scene 1.swf","width":"50","height":"50"}); Оныншы орын. Махаббат деген ұлы сезімге уақыт та, заман да еш әсер етпесі анық. Осыдан жүз жыл бұрын жырланған махаббат сезімі осы күнгі ғашықтардың да сезімін дөп басуы мүмкін. Қашанда дәстүрлі өнерімізді биік қойған тыңдармандарымыз халық әні «Балқадишаны» ұлықтап, алдыға шығарыпты.Кішігірім сауалнамамыз жастардың талғамын біраз болса да, айқындап бергендей. Адамзаттың жаны тірі болғанда, махаббат сезімі де бірге өмір сүрері хақ. Ғашық жүректер әрдайым жырға бөленіп, ана тілімізде бұдан да керемет туындылар шыға береді деп сенеміз.