- Негізгі бет
- 15 СӘУІР - 2012
- Сіз үшін махаббаттың орны қандай?
Сіз үшін махаббаттың орны қандай?
«Бұл өмірде махаббаттан маңызды еш нәрсе жоқ» , - депті романтик Виктор Гюго. Тіпті өміріңде мансап пен жұмыс бірінші орында тұрса да, сен осы Гюгоның пікірмен еріксіз келісесің. Егер осы уақытқа дейін қарым-қатынасыңды анықтай алмасаң, мына сынақ сұрақтарына жауап беріп, нәтижесін біле аласың.
1. Жұмыста кешке дейін кідіруіңе тура келді. Үйге қайтып келе жатқан кезде көбінесе не туралы ойланасың?
A) Ыстық бұлау (ванна) мен ұйқы туралы
B) Бүгін кешкі асқа не болар екен?
C) Менің ешқандай жеке өмірім жоқ!!!
D) Есеп беруді ұмытып кеткен сияқтымын. Ертең ертерек жұмысқа баруым керек.
2. «Өзіңді күту» дегенді қалай түсінесің?
A) Стилистке бару және шоппинг үшін бос уақыт табу
B) Жұмыс пен үй шаруасы туралы ойлануды қою
C) Кешкіге ойын- сауық бағдарламасын құрастыру
D) Телефонды өшіріп, интернеттен шығу. Ал ең дұрысы таза ауада жүріп қайту.
3. Махаббат туралы әдемі оқиғаларды естігенде, қандай сезімде боласың?
A) Ешқандай да ерекше сезімге бөленбеймін. Олар мен үшін қызықсыз, зеріктіретін әңгіме.
B) Таң қаласың. Сенің маңайыңда қаншама махаббат оқиғалары болып жатыр.
C) Қуанасың және өз хеппи-эндің жайлы армандайсың.
D) Өзіңді олармен еріксіз салыстырасың: ал сенікі қалай?
4. Қазіргі таңдағы жеке өмірінді қалай бағалар едің?
A) Жалпы бәрі жақсы, бірақ кейбір нәрселерді өзгертер едім.
B) Бәрі жаман. Өміріме өзгерістер енгізу керек.
C) Бұл туралы ойланбайсың, сондықтан бәрі ойдағыдай сияқты.
D) Кемелденуге шексіз талпыныс.
5. Не нәрсе сенің көңіліңді босатып, көзіңе жас алдырады?
A) Сүйікті әуенің.
B) Балалар әлде сүйкімді жануарлар.
C) Жауап беру қиын.Сезімге көп берілмеймін.
D) Тағдырдың бақытты сәттері.
6. Сүйіктіңнен қашықта болған кезде нені сағынасың?
A) Оның жанасуын.
B) Қарым – қатынасын.
C) Сүйіктіңе сыйлаған қуанышты сәттерді.
D) Оның жан жылулығын.
7. Алғашқы махабаттың жайлы қандай естеліктерің бар?
A) Көңіл жібітетін.
B) Күлкілі.
C) Пайдалы.
D) Есімде жоқ тіпті.
8. Егер де тәулікте көбірек сағат болса, сен оны қалай жұмсар едің?
A) Демалысқа және достарыммен кездесуге.
B) Өзіңнің дамуыңа;
C) Қайырымдылық қызметке немесе жақындарыңа көңіл бөліп, қамқор болуға.
D) Уақыт әрқашанда жеткіліксіз.
9. Егер де мәселе сенің жеке басыңның бақыты туралы болса, кімнен кеңес сұрар едің?
A) Жақын достардан
B) Ешкімнен кеңес сұрамайсың, бәрін өзін шешесің.
C) Жақындарыңның пікірін есепке аласың
D) Басқа біреуден кеңес сұрасаң да, өз дегеніңді жасайсың.
10. Уақытың тығыз болған кезде, достарыңмен, жақындарыңмен қалай карым – қатынас жасайсың?
A) Кейде қоңырау шаласың.
B) Тіпті хабарласпайсың.
C) Олар өздері хабарласады.
D) Өз уақытыңды жоспарлап, достарыңа уақытыңның бір бөлігін арнайсың.
11. Махаббатқа адалдық - бұл….
A) Сүйіктіңді колдау.
B) Әрқашанда бірге болу.
C) Сүйіктіңнің қызығушылықтарына ортақтасу.
D) Көмек көрсету.
12. Сүйіктіңмен айырлысуға не себеп болуы мүмкін?
A) Романтика жетіспейді.
B) Бір- бірін бағаламаушылық.
C) Көзіне шөп салу.
D) Оны сүймейтініңді түсінесің.
Қорытынды шығарайық | ||||
№ | A | B | C | D |
1 | 20 | 15 | 5 | 10 |
2 | 5 | 15 | 10 | 20 |
3 | 10 | 20 | 15 | 5 |
4 | 10 | 15 | 20 | 5 |
5 | 5 | 15 | 10 | 20 |
6 | 5 | 20 | 15 | 10 |
7 | 5 | 20 | 15 | 10 |
8 | 20 | 10 | 15 | 5 |
9 | 15 | 10 | 20 | 5 |
10 | 15 | 20 | 5 | 10 |
11 | 20 | 5 | 15 | 10 |
12 | 10 | 20 | 15 | 5 |
Барлығы |
|
|
|
|
85 ұпайға дейін
- Сенің махаббатың романтикаға толы. Ол Голливудтың мелодрамаларына ұқсайды. Сенің қарым- қатынасың асқақ сезімдерден кұралады.
90- 160 ұпай арасы
- Саған өз махаббатың ерекше күш-қуат беріп тұрады. Махаббатсыз сен сусыз балық секілдісің. Сенің қарым-қатынасыңда болмашы нәрсеге ұрыс-керіске жол жоқ. Сүйікті адамың сені адамгершілік қасиеттеріңе қарап өте жақсы құрметтейді және бағалайды.
165- 235 ұпай арасы
- Махаббатың сенің жаныңды жұбатады. Қарым-қатынасыңда ең бастысы екі ғашықтың бірін-бірі сүю сүйе білуі деп білесің.
240 ұпай немесе одан көп
- Сенің махаббатың - ашық махаббат. Флиртті ұнатасың. Сенің қарым - қатынасың жеңіл...
Сурет: mail.ru