- Негізгі бет
- 15 СӘУІР - 2012
- BIG LOVE FEST- 2012 байқауы
BIG LOVE FEST- 2012 байқауы
15 сәуір Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күніне қызу дайындық жасалуда. Алматы жастары арасында осы мерекеге орай BIG LOVE FEST: 2012 байқауы жүріп жатыр.
Байқау барысында жалғыз қатысушыға өз сыңарын табуы үшін студенттер арасында "Махаббатизация" конкурсы өтеді. Барлық қатысқысы келетін үміткерлерге алдын ала сәуір айының басында 1-ден 10 000-ға дейінгі нөмірлі арнайы карта берілді. Барлығына ортақ тапсырма – сол картада берілген нөмірлер бойынша өз жұбын іздеу. Бірін-бір тапқан жұп «Алматының ең үздік жұбы - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» деген номинацияны иелену үшін болатын сайысқа кастингтен өтеді. "Махаббатизация" байқауының қорытындысы айдың соңында белгілі болады да, 30 сәуірде қаланың бір концерт залында қорытынды кеші өтеді. Сол шарада "Қозы көрпеш – Баян сұлу" титулын иеленгендер белгілі болады деп күтілуде.
Алматы қалалық Білім Басқармасының қолдауымен болып жатқан бұл шараға жастар үлкен қызығушылық танытып отыр. Сайыс қатысушыларына сәттілік тілеп, алда сайыс барысын қадағалап отыратын боламыз! Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу кім болар екен?
сурет: today.kz
А. Әбілхан