- Негізгі бет
- 15 СӘУІР - 2012
- Махаббат бәліші
Махаббат бәліші
Ғашықтар күніне арнап жігітіңізге романтикалық кешкі ас ұйымдастырмақшысыз ба? Оның басты тағамы, жаңа дәстүр, салындысы 7 құрамдас бөлік қосылған бәліш болуы тиіс. Ыстық іңкәрлігіңіз бен ерекше махаббатыңызды қосып, сүйіктіңізге жылы сөздер айтып, бәлішті алдына қойсаңыз, оның бақыттан басы айналары сөзсіз. Ғашық жаныңызды таңғалдырудан шаршамаңыз. Сәттілік!
Құрамы:
Қамыр:
- жұмыртқа - 2 дана;
- майонез - 200 гр;
- қаймақ - 200 гр;
- ұн - 250гр;
- қамыр қопартқышы - 1 шай қасық;
- тұз;
Салынды:
1. Фарш - 200 гр;
2. Картоп - 2 дана;
3. Сәбіз - 1 дана;
4. Пияз - 1/2;
5. Орамжапырақ - 200 гр;
6. Саңырауқұлақтар - 150гр;
7. Қара бұрыш, тұз.
Салындының мәзірі әр түрлі бола алады. Оған қалаған көкөністер мен дәмдеуіштерді қоссаңыз болады. Бастысы - салындының құрамдас бөліктерінің саны 7 болуы. Сондай-ақ салындының басты бөлігі ет болуы тиіс. Бұл сиқырлы сан бәлішіңізді ерекше дәмді етіп, сүйіктіңіздің жүрегін мәңгілікке сіздікі қылады.
Пияз,орамжапырақ пен картопты майдалап турап, сәбізді үккіштен өткіземіз.
Фаршты майға қуырамыз.
Оған пияз бен картопты қосамыз. 5 минут қуырамыз.
Ұсақтатылған сәбіз бен орамжапырақты да қосып, 5 минут қуырамыз.
Ең соңында майда туралған саңырауқұлақтарды қосып, тағы да 5 минут қуырамыз.
Майонез бен қаймақты араластырамыз.
Оған жұмыртқа мен тұзды қосамыз.
Үстінен ұн мен қамыр қопартқышын қосып қамыр илейміз.
Қамырды екіге бөліп, үлкен жартысын майланған пішінге жаямыз.
Үстінен салындыны саламыз.
Бетін қалған қамырбен жауып, қыздырылған пешке 180 градусқа 50 минутқа қоямыз.
Бәліш дайын! Ас болсын!
С. А