- Негізгі бет
- Жаңа жыл 2013
- Жаңа жыл: Не...
Жаңа жыл: Не киемін?
Бұл сұрақ ерте ме, кеш пе біздің порталға келіп түсеріне күмәніміз жоқ. Өйткені бұл - жаңа жыл жақындасымен-ақ, барлық қыз-келіншектерді мазалайтын «шешімі қиын» сұрақ екендігі даусыз.
Сіз есігімізді аттайтын жаңа жылды қайда, кіммен, қалай қарсы алсаңыз да, әдемі болып көрінгіңіз келетініне қарсы шығар сөзіміз жоқ. Өйткені әйел болғасын, жүрген жердің көркін ашып, сәнін келтіріп жүруге тырысамыз. Ендеше, Массагет осы мақала арқылы қыздардың бас қатырар бір сұрағына жауап бермек.
2013 - жылан жылы болғандықтан, жылан терісі іспетті көйлектермен қарсы алсаңыз, тамаша болар еді.
- Корпоративті кеште
Көбіне әр жаңа жыл сайын барлық компаниялар өз қызметкерлеріне арнап мейрамханаларда жаңа жылдық мереке жасап береді. Мұндай отырыстар көбіне желтоқсан айының орта тұстарында болады. Сондықтан сізге ертерек ойлана беру керек.
Егер сіз әріптестеріңізбен мейрамханаға баратын болсаңыз, алдын ала олармен келісіп алңыз. Мүмкін бәрі дресс код үлгісінде киінгісі келетін болар.
Мұндай басқосуларға сәнді кеңсе киімімен де баруға болады. Мысалы қысқа белдемше мен жарық түсті блузка кисеңіз, өте әдемі көрінер еді. Ал аяғыңызға жарасымды шпилька туфли киіп алыңыз. Кешкі клатчтың түсі белдемшеңізге не блузкаңызға сай болғаны дұрыс. Онша салбырап қалмаған әшекей бұйымдар да артықтық етпейді.
Басқа да нұсқа бар - классикалық кішкентай қара көйлек. Мұндай көйлектің қандай түрін таңдау өздеріңіздің еншілеріңізде.
Уайымдамаңыз, сіз өзіңізге жарасымды киімді табасыз және оны сіздің әріптестер байқайтын да болады.
Сонымен қатар, белдігі бар жарық түсті тоқыма трикотаждар мен сәнді үлгідегі қаптамалы шалбарларды сәнді кеудешелермен киюге болады.
- Үйде немесе қонақта
Үйдегі мерекеге көбіне әр түрлі топтың адамдары жиналады. Мұндай жиындарда көбіне отырыс пен шампан маңыздырақ болады. Сонымен қатар кеш бойы билеген жандар қалауынша көңіл көтеріп, жағымды тілектер айтады. Ал сіздің үстіңіздегі киіміңіз осының бәріне сай болуы керек.
Мұндай отырыстарда үсті жағыңыздағы киіміңіз тым ашық болмағаны дұрыс. Ал белдемшеңіз қысқа болса да, ұзын болса да, жарасымды. Тек өзіңізге ыңғайлы болса, болғаны.
Ең дұрысы - көйлек, тек оның көтеріліп тұрғаны қажет емес. Ондай көйлектер көбіне салтанатты кештерге ыңғайлы. Көйлегіңіз жарық түсті сәтеннен жасалған немесе жай ғана тоқылған болса, әдемі көрінеді.
Оған түрлі аксессуарлар қоссаңыз да жаман емес. Ол сәнді белдік, әшекей немесе әдемі шаш қыстырғыш болуы мүмкін.
Ал аяқ киімнің өзіңізге жайлысы мен жарасымдысын таңдағаныңыз жөн.
Үй ішіндегі отырыста биік өкшелі аяқ киімнің түкке де керегі жоқ. Ең дұрысы - жай табан аяқ киім.
- Түнгі клубта
Егер сіз жаңа жылыңызды түнгі клубта өткізгіңіз келсе, киім үлгісін аздап өзгертуіңізге тура келеді. Ешкім сізді үстіңіздегі киіміңіз үшін сөкпейтін болғандықтан, клубқа не киетініңіз өз еркіңізде. Талғамыңыздың таңдауына сеніңіз!
Ұзын етікпен қысқа жарық түсті көйлек кисеңіз, сізден сұлу жан жоқтай көрінер. Мұндай сән үлгісі қыс мезгіліне өте қолайлы.
Арты ашық кеудеше мен джинси шалбар кисеңіз де "қатып" кетпек.
Көтеріңкі көңіл-күйдің кепілі болатын сәнді әшекейлер мен аксессуарларды да ұмыт қалдырмағайсыз.
Аяулы арулар, Жаңа жыл - өте керемет мерекелердің бірі екенін ұмытпаңыздар. Сондықтан өздеріңіз шын ұнатқан киіммен осы жылды қарсы алыңыздар.
Өйткені "Жаңа жылды қалай қарсы алсаң, келер жылды да солай өткізесің" деген сөз тегін емес...
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: trendofstyle.com, luxlux.net, russkazki-nn.ru
А. Әбілхан