Әлемдегі ең "алып" мүсін

Әлемдегі ең "алып" мүсін
Фото: art.moderne.utl13.fr

Италияның постминималист мүсіншісі Пьеро Мандзони 1962 жылы Данияның Хернинг қаласында ерекше мүсін орнатты. Композиция тек 100x100x82 сантиметр көлеміндегі қола мен болат қосындысынан құйылған кубтан тұрады. Тұғырға француз тілінде "Socle du monde", яғни "Әлем тұғыры" жазуы теріс айналдыра жазылған. Мүсін идеясы бойынша, тұғыр - бүкіл Жер шарының негізі. 

Мүсінді алғаш көргендер басында шағын тұғырды әлі бітпеген постамент ретінде қабылдады. Алайда, бастарын қисайтып жазуды оқығанда, композиция мәні бірден түсінікті болған.

Осылайша, Пьеро Мандзони бүкіл табиғат әлемі мен адамзатты өз композициясының бөлшегі қылған. 

Massaget.kz