Нигериялық шебер 5000 қасықтан құс мүсінін жасап шығарды

Нигериялық шебер 5000 қасықтан құс мүсінін жасап шығарды
Фото: inform.kz

Нигериялық мүсінші 5 мың қасықтан жұмақ құсын жасап шығарды.

Оның бұл жұмысына небәрі бір апта уақыт кетіпті. Мүсіндері үшін қажетті материалды сатып алуға шебердің қаржысы жетпеген. Сол себепті Абиноро Коллинз оны қоқыстан жинап алады. Қасықтан жасалған туындыларының арқасында шебер жергілікті жұрттың арасында танымал болып шыға келді. Жұмыстары көрмеге де қойылады. Ал бір мүсіннің бағасы кейде 15 мың долларға дейін жетеді екен.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы