- Негізгі бет
- Шолу
- Жер микроағзалары Марста...
Жер микроағзалары Марста тіршілік етуде
Curiosity марсоходын ұшыруға қатысқан NASA мамандарының аздаған қателігінің себебінен Қызыл планета бетіне жерден келген микроағзалар да аяқ басқан болуы мүмкін, деп хабарлайды Newsru.com.
Бар гәп мынада. Марсоходты сапарға дайындау кезінде ғарыш агенттігінің мамандары аппарат инструменттерінің бірін стерилдеуді ұмытып кеткен. Нақты айтсақ, қатты жыныстарға арналған бура (борлы қышқыл) назардан тыс қалып қойған. Әлбетте микроағзалардың көп бөлігі тоғыз айлық сапарға шыдас бере алмай жойылып кетті. Оның үстіне Марс бетіндегі төменгі температура (Цельсий шкаласы бойынша -50 градус) мен 95 пайыз көмірқышқыл газынан тұратын атмосфера олардың тіршілігіне үлкен қауіп төндіреді.
Дегенмен жердегі бактериялардың ерекше шыдамды әрі адаптацияланғыш екендігін ескерсек, кейбір ағзалардың тірі қалу мүмкіндігі бар.
Естеріңізге сала кетелік, Curiosity (қызығушылық, білуге құмарлық - ағыл.) марсоходы Қызыл планета бетіне 2012 жылдың 6 тамызында келіп қонып, алғашқы қадамдарын 22 тамыз күні басқан еді. Аппарат планетада 1 Марстық жыл (686 жер тәулігі) бойы жұмыс істейді деп жоспарланып отыр. Марсоход сол уақыт ішінде планета климаты мен ондағы тіршілік белгілері туралы ақпарат жинайтын болады.
Аппараттың түсірген фотосуреттерінен жасалған Марс бетінің панорамасын мына жерден тамашалай аласыздар: МАРС ПЛАНЕТАСЫ.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: ria.ru