"Кьюриосити" Марс бетіндегі алғашқы қадамдарын басты

"Кьюриосити" Марс бетіндегі алғашқы қадамдарын басты

"Кьюриосити" марсоходы 22 тамыз күні Қызыл планетадағы алғашқы қадамдарын басты. Аппарат қонған жерінен (Гейл кратері) алға қарай 3 метр жүріп, содан соң 90 градусқа бұрылып, артқа қарай тағы 2 метр қозғалды. Бұл туралы NASA хабарлады.

Роверді басқару тобының басшысы Мэтт Хэверлидің айтуынша, аппараттың қозғалтқыш жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұр. Яғни, "Кьюриосити" жоспарланып отырған жұмыстарды бастауға толығымен дайын. Агенттік қызметкерлері аппарат күніне 10 метр қашықтықты бағындырып отырады деп үміттеніп отыр.

NASA-ның реактивті қозғалыс лабораториясының кезекті конференциясында марсоходтың қонған жерін фантаст Рэй Брэдберидің құрметіне Bradbury Landing деп атау туралы шешім қабылданды. Айта кетелік, "Марс хроникасының" авторы тірі болса, осы күні 92 жасқа толар еді.

"Кьюриоситидің" Марс бетіне 6 шілде күні түскендігін айта кетелік. Оның мақсаты планетаның геологиялық құрылымын зерттеу және тіршілік белгілерін іздеу болып табылады.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mars.jpl.nasa.gov