Қазақстандық спортшылардың instagram желісіндегі рейтингі

Қазақстандық спортшылардың instagram желісіндегі рейтингі

Қазақстандық спортшылардың әлеуметтік желілердегі оқырмандар саны бойынша 17 жастағы волейболшы Сәбина Алтынбекова бірінші орында келеді. Оның бір ғана instagram желісінде бүгінде 93,707 оқырманы бар.

Тайпейде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында көзге түскен Сәбина басқа да әлеуметтік желілерде белсенді. Мәселен, facebook желісінде оның қазірде 57 396 оқырманы бар.

Осыған орай, біз instagram желісіндегі Қазақстан спортшыларының рейтингін ұсынамыз:

Бірінші орын таяуда ғана Қытай интернетін шулатқан волейболшы қызымыз Сәбина Алтынбековада. 93,707 оқырман.

Өзінің 53,739 оқырманымен Бейбіт Шүменов екінші орында келеді.

Үшінші орын Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильинде. Оның 37,202 оқырманы бар.

Төртінші орында Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тен келеді. Оның 35,554 оқырманы бар.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев 22,266 оқырманымен бесінші орында.

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: скриншот

А. Құлтай