Қазақстан құрамасы кезекті алтынды еншіледі

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан құрамасы кезекті алтынды еншіледі

Шаңғыдан Қазақстан ерлер құрамасы Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Универсиадада 4х10 шақырымға созылған эстафета қорытындысы бойынша қоржынға кезекті алтын жүлдені салды.

БӨЛІСУ

Александр Малышев, Сергей Малышев, Геннадий Матвиенко және Марк Старостин бастаған құрама мәре сызығын бірінші болып кесті. Екінші орын Ресей спортшыларына бұйырса, қоланы Финляндия құрамасы еншіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші жүлде. Осыған дейін он шақырымдық скиатлон жарысында Татьяна Осипова алтыннан алқа тақса, Марк Старостин күмісті қанағат тұтқан болатын. Ал қоланы Қазақстан әйелдер құрамасы еншілеген-ді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz