Қоржынға қола түсті

Қоржынға қола түсті

Шаңғыдан Қазақстан әйелдер құрамасы Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Универсиадада 3х5 шақырымға созылған эстафета қорытындысы бойынша қоржынға қола жүлде салды.

Татьяна Осипова, Ольга Мандрик және Марина Матросова бастаған Қазақстан әйелдер құрамасы мәреге Универсиада алтынын иеленген украин қыздарынан 19, 6 секунд кеш жетті. Күміс жүлде Швеция әйелдер құрамасына бұйырды.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен үшінші жүлде. Осыған дейін он шақырымдық скиатлон жарысында Татьяна Осипова алтыннан алқа тақса, Марк Старостин күмісті қанағат тұтқан болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: universiadetrentino.org

Ө. Сансызбай