Иван Дычко Рио Олимпиадасында да қола алды

Иван Дычко Рио Олимпиадасында да қола алды
Фото: fighter.kz

Аса ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио-де-Жанейродағы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Отандасымыз жартылай финалда ұлыбританиялық Джо Джойсқа есе жіберіп алды. 

Бірінші раундта төрешілер қазақстандық боксшыға жеңісті берген. Ал екінші және үшінші раундта ұлыбританиялық боксының белсенділігі байқалды. Нәтижесінде төрешілер 3:0 есебімен ұлыбританиялықты жеңімпаз ретінде таныды. 

Айта кетейік, Иван Дычко Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанып отыр. Осыған дейін қазақстандық боксшы Лондонда да қола алған еді. 

О. Сансызбай