Соңғы қоңырауда шырқалатын әндер

Соңғы қоңырауда шырқалатын әндер
Фото: massaget.kz

Соңғы қоңырау, мектеппен қоштасу кешінде алтын ұяға, ұстаздар қауымына алғыс білдіру үшін мына әндерді шырқап, қуантуға болады.

Қош бол, мектебім 

Білім нәрін толтырдық біз кеудеге,
Қателікте болды бізде кей жерде. 
Үйретуден жалықпаған ұстаздар, 
Жанашыр да бола білдің көп жерде, көп жерде.

Қайырмасы:

Қош бол енді мектебім менің, 
Сенде оқып сенде көктедім.
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен, 
Байқамай қалдым келіп жеткенін. 
Қош бол енді мектебім менің, 
Сенде оқып сенде көктедім.
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен, 
Байқамай қалдым келіп жеткенін. 

Ұмытпаймыз біз сіздерді мәңгілік, 
Жадымызда бейнең тұрар жаңғырып. 
Келешектің алтын нұрын сепкендей, 
Алдымыздан арайланды таң күліп, таң күліп.

Қайырмасы: 4 рет

***

Алтын ұя мектебім

Көп баланы тербеткен,
Алып бесік тәрізді.
Алтын ұя мектептен
Дәріс алам маңызды.
Бұл мектептен нәр алған,
Қанат қаққан қырандар,
Бұл мектептен таралған
Елін сүйген ұландар.

Қайырмасы:

Алтын ұям мектебім
Ыстықсың сен көзіме
Балалық шақ көктемім
Өтіп жатыр өзіңде.
Армандарым көп менің
Пайда әкелер еліме.
Жетелей бер, мектебім,
Сол армандар төріне.

Кеудемде тұр, сеземін,
Игі істерім тізілген.
Нық басып мен келемін,
Үлкендердің ізімен.
Ашық болсын аспаның,
Жарқырасын көкте күн.
Жаса мәңгі асқарлы
Алтын ұям мектебім.

***

Ұстазым

Тыңдағанған көңілдегі толғамымды,
Шындаған тәрбием мен талғамымды.
Өмірдің маған сыйы деп білемін,
Өзіңдей жанға шәкірт болғанымды.
Табылған балапан ем ұядағы,
Қырандай жетілдірдің қиядағы.
Ұстазға деген ыстық сағынышым,
Бір әнге қалай ғана сия алады.

Қайырмасы:

Ұстазым менің,
Қамқорым едің,
Баулыған осы өнерге,
Жүрегің дархан,
Өзіңнің арқаң,
Биікке шықсам егерде.

Өнердің мен білмейтін қатпалдарын,
Жаныма сіңіргенше тоқталмадың.
Алдымнан шықты бүгін қолын бұлғап,
Қанша жыл қиялдаған тәтті арманым.

Қайырмасы.

Ұстазым

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!

Зердемді сен ашпасаң не етер едім? 
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.

Қайырмасы:

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!

Қайырмасы.

Г. Берік