Өсетін бала өрге ұмтылады

Өсетін бала өрге ұмтылады
Фото: shynyrau.kz

Әсем ән – әрдайым адам­зат жа­нын ғажайып әлемнің бе­сігінде әлдилейтін сырға то­лы се­зімнің сұлу да сиқырлы са­зы. Жер жүзіндегі тіршілік иесінің жан­са­рай­ын сәулесімен жарқырататын әннің әр­бір ырғағы көкіректегі көңіл теңізін тебірентіп, сезімнің та­мы­рын ті­ріл­тетін құдіретке ие. Осы­нау таң­ғажайып өнерге ес білгеннен ғашық өнерлі өреннің бірі – Бек­тас  Ги­ла­жов.

Қасиетті  қа­­­зақ халқының та­ри­хы­мен та­мыр­лас, көшпен­ділердің салт-са­­­­­­­­­на­сы мен әдет-ғұр­пының сан сы­рының шежіресін шертетін әсер­­­лі ән бүлдіршіннің жүрегіне бес жа­сын­да-ақ ұя салған. Өнерлі ба­ла  1994 жы­лы 8 қарашада Аты­рау қаласында ту­ыл­ды. Төрт жа­сын­да мұнайлы қалаға көшіп келді. Со­дан бері «өнер де­се ішке асын жер­ге қоюға» қашанда дай­ын тұрады.

Бүгінгі таңда политехникалық кол­лед­ж­де оқиын  Бектастың  кіршіксіз кө­ңілі әрдайым жаныңды жаз­дай жа­ды­ра­та­тын сыңғырлы саз­дың са­ры­ны­нан сая та­ба­ды. Бес жа­сы­нан бас­тап  «Ата­ме­кен» әні­нің әуеніне қосылып ән шырқай бастаған та­лан­т­ты өнер­­паз қазір ме­ре­ке күндері сах­на­дан түспейтін қаламыздың мерейлі мақтанышы. Бек­тас Аронұлы 2008 жы­лы Абай оқуларының 3-орын, 2009 жы­лы «Жаңаөзен жұлдыздары» сай­ы­сын­да 1-орын, 2010 жы­лы «Желтоқсан желі» ақындар мүшәйрасында 2 орын­ды иелен­ген.  Та­лап­ты әнші сах­на төрінен самұрықтай сам­ғаған әдемі әнімен асқар та­у­дай ата-ана­сын қуанышқа кенелтіп, жұрт­­шылықтың ыстық ықыласына бөленіп жүр. Қазақтың жау­һар жыр­ла­рын жатқа білетін кү­міскөмей жас ән­шінің қоржынында  онға жуық ән және бір клипі бар. Өнердегі ұстазы Мах­бу­за Шо­ма­но­ва екен.

Ұрпақтан-ұрпаққа ру­ха­ни құнды қазынадай мәңгілік ми­рас болған халық әндерін болашақта жер жүзіне на­си­хат­тау –жас әнші Бектастың жас  көңіл ай­ды­нын­да мә­пе­ле­ген ақ ар­ма­ны. Бұлбұл үні­мен, әсем әнімен жан-жа­ғына әрқашан нұр ша­ша­тын Бек­та­с­ты ке­ле­шек­те Алаштың дар­­­­хан да­ла­сының мұңы мен үнін күллі әлемнің жү­регіне жет­кізсем де­ген мақсаты үнемі алға же­­телейді.

Хакім  Абай  ба­ба­мыз  айтқандай, қазақ елінің болашағының бір кірпіші бо­лып қаланып, бағзы ба­ба­лар­дан ама­нат бол­ған халықтың мә­­де­ни мұрасын бо­ла­шаққа жет­кізу – адамдық бо­ры­шым деп біледі.  Өнердегі ақылшы ұстазы, ру­ха­ни қолдаушысы Аб­зал Жұматов. Өнерлі  өрен қалада өтетін әртүрлі шараларғақатысып, қоғамдық жұмыстарға бел­се­не  ара­ла­са­ды.   Бек­тас қазіргі уақытта қалалық  бөлімінде қызмет атқаруда.

Құшақ жайған жар­қын болашақта әлемнің әйгілі сах­на­ла­ры­нан қазақ әндерін шырқай бергейсің, өнер әлемінде өрге жүзіп, қанатың талмағай! Болашағы бар жас әншіге бақытты ке­ле­шек тілейміз!

Ав­тор: Гүлмира БЕР­ДАУ­ЛЕТ

Ж. Исакаев