Бала ойыны мен күлкі туралы тәмсілдер

Бала ойыны мен күлкі туралы тәмсілдер

Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады.

А. С. Макаренко

Ойын – бала үшін ойын емес, шындық.

К. Д. Ушинский

Сәбиге ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде ғана өмір сүреді де, жаттығады да, жан мен тәнін өсіреді де.

А. В. Луначарский

Бала ойынында көбінесе терең мән бар.

Ф. Шиллер

Күні бойы бір күле алмасаң, онда оны зая кеткен күнім деп есепте.

В. Гюго

Өз қылығыңа өзің шындап алғаш рет күлген күні ержеттім де.

В. Баримор

Ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.

Б. Момышұлы

Табиғаттың ең қымбат сыйы – көңілді күлдіргі және мейірбан ақыл.

В. О. Ключевский

Адам жақсы күледі екен – демек, жақсы болғаны.

Ф. М. Достоевский

Жақсы күлкі – рухани денсаулықтың сенімді белгісі.

М. Горький


Юмор жанды тұңғиықтан алып өтіп, оны өзінің қайғысымен ойнауға үйретеді.

Л. Фейербах

Күлкі – күн: ол адам жүзінен қысты қуады.

В. Гюго

Көңілді адам – әрқашан аяулы адам. Сұмырайлардың көңілді болуы некен-саяқ.

М. Горький

Күлкі сергектік тудырады.

Л. Н. Толстой

Барлық дене қимылдарының ішінде – күлкі ең келістісі, ол ас қорытуға, қан айналысына қолайлы әсер етіп, барлық ағзалардағы өмірлік күшке серпін береді.

Х. Гуфеланд

Жайдарлықты сақтаудың басты сыры – ұсақ түйектердің бізді алаңдатуына жол бермей, сонымен қатар өзіміздің талайымызға бұйырған кішкентай қуаныштарды бағалай білу.

С. Смайлс

Адамдардың мінезі олардың нені күлкілі санайтындарынан бәрінен гөрі жақсы көрінеді.

И. Гете

Жабырқау ақылдан артық жалықтыратын ештеңе жоқ.

И. С. Тургенев

Кей адам күлкісімен әбден сыр алдырып қояды, сіз табан астында оның бүкіл қатпар-қалтарыстарын біліп аласыз. Тіпті даусыз ақылды күлкі де кейде жиіркенішті болады. Күлкі ең алдымен шынайылықты талап етеді.

Ф. М. Достоевский

 

Мысқылды, аллегорияны, әзілді түсінуден қалу – жаман ырым.

Ф. М. Достоевский

Әзілді түсіне білмеу – ақымақтың қасиеті.

У. Закани

Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ.

М. Әуезов

Әзілден елеулі жайтқа, елеулі жайттан әзілге оп-оңай өте білушілік әдетте жұрт ойлағаннан гөрі үлкен дарынды талап етеді. Көп ретте әзіл өзінің көмегінсіз мақсатына жетпейтін ақиқаттың жол бастаушысы қызметін атқарады.

Ф. Бэкон

Әзіл, күлдіргі сөз тіпті маңызды нәрселердің өзін ден қойып, терең зерттегенге қарағанда әрі сәтті, әрі жақсы анықтайды.

Гораций

Күлкі – ұлы іс, ол өмірді де, қора-қонысты да тартып алмайды, бірақ оның алдында кінәлі адам – байлаулы қоян сияқты.

Н. В. Гоголь

 


Күлкімен құлықты түзетеді.

О. Бальзак

Күлкіден қорыққан шындықты сүймейді.

И. С. Тургенев

Күлкі тұз сияқты, мөлшермен қолданылуы тиіс.

Пифагор

Күлкі күштің белгісі ғана емес, күштің өзі де, ... оны дұрыс арнаға бағыттау ләзім.

А. В. Луначарский

Ақыр күлген соң жаппай келемеждеуге шын лайық нәрсеге қатты күлген жақсы.

Н. В. Гоголь

Күлкі етілген адам ашулана алмайтындай күлкі етіп, әзілдеу керек, олай болмағанда әзіл жараспай қалды дей беріңіз.

Н. Шамфор

 


Келемежге әуестік кейде ақылдың жұтаңдығын білдіреді.

Ж. Лабрюйер

Барлық нәрсенің тек күлкілі жағын табу әдеті – таяз жанның ең сенімді белгісі, өйткені күлкілі нәрсе оңайда жатады.

Аристотель

Керенау ақылда әзілге орын жоқ.

У. Шекспир

Жиі және қатты күлу – әулекілік пен жаман тәрбиенің белгісі.

Ф. Честерфильд

Әзілкеш, әсіресе егер оның әзілдері қайталана бастағанда, әбден зықыңды шығаруы мүмкін.

Э. Хемингуэй

Сайқымазақ – қашан да үстірт жан.

О. Бальзак

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Назерке Дулаттың жеке архивінен

Қ. Бүйенбай