Көне глобус жұмыртқадан жасалған

Көне глобус жұмыртқадан жасалған
Фото: pw5.ddns.info

Глобус  Жер ғаламшарының шағын үлгісі. Жердің кішкене үлгісі қалай, қашан, қайда пайда болғаны туралы әртүрлі дерек айтылады. Оның шығу тарихынан хабарыңыз бар ма?

Деректерде не дейді?

Глобус латын тілінде «шар» деген мағынаны білдіреді. Б.з.д ІІ ғасырда ақындар ғаламды тұтастық деп санаған екен. Жер жұмыр әрі шар тәрізді деген екен.

Көне Грек ойшылы, философ әрі филолог Кратет Малосский «Одиссея» дастанын күні-түні оқып, шығарманың басты кейіпкері жүрген жолын картаға түсіріп отырыпты. Жердің шар тәрізді екені оған дейін белгілі еді. Ол «Одиссея» дастанынан білген географиялық ерекшеліктерді шар тектес затқа бейнелеген. Ол дәуірдің танымы мен білімін қазіргі біліммен салыстыруға  келмейтіні белгілі. Дегенмен, бұл Кратес жасаған глобус географиялық өнертабыстың бастауы болды.

Екінші рет жердің сұлбасы 1492 жылы Нюрнберг қаласында жасалған. Оны Мартин Бехайм есімді ғалым жасады. Бехайм жер сұлбасын «Жер алмасы» деп атаған екен. «Жер алмасы» металлдан жасалған және оның диаметрі жарты метр. Бұл глобуста Америка құрлығы болмаған еді. Себебі, Христофор Колумб бұл құрлықты кеш ашқан. Онда белдеулер жазылмаған, меридиандар мен тропиктік құрлықтар және сол кездегі мемлекеттер атауы жазылған еді. «Жер алмасы» қазір Нюрнберг мұражайында сақталған.

Алып глобус

GPS-навигация жүйесін жасайтын «DeLorme» компаниясы алып глобус жасаған екен. Компания алып глобусқа Eartha деген атау берген. Оның диаметрі 12,6 метрді құраған, 4 қабатты үйдің биіктігіндей. Глобус 792 кескіннен құралған. Кескіннің барлығы бұрандамамен бекітілген. Бұл глобус қазіргі таңда АҚШ-тың Ярмут қаласында тұр. Гиннес рекордтар Кітабына «Алып глобус» ретінде енген.

Жұмыртқадан жасалған глобус

Ғалымдар ең ежелгі глобус түйеқұс жұмыртқасынан жасалғанын айтады. Көне глобусты кім жасағаны белгісіз, ешқандай меншіктік белгі болмаған. Зерттеушілер бұл глобустан Леонардо да Винчидің қолтаңбасын көруге болады, өйткені, шарда Леонардо да Винчи «элементтері» басым деседі.  Бұл глобуста материктер латын қарпінде жазылған екен, тіпті, кеме апатында мерт болған теңізшілердің есімдері де көрсетілген. 

Г. Берік