Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Алтын ұя / Жоғарғы сынып / Қыздарға арналған қызмет түрлері

Қыздарға арналған қызмет түрлері

Қыздарға арналған қызмет түрлері

Қазіргі кезде мамандық таңдау өте күрделі. Оның үстіне қыз балаға мамандықты дұрыс таңдау қажет. Ер балаларға қара жұмыстың да табылатыны белгілі. Ал қыздар үшін қиын болатыны анық. Зерттеулер нәтижесінде, қыздар қауымы қаражаты көп, мәртебелі қызметтерді таңдайтыны белгілі болды. Кішкентай кезінде теледидардан көп көрініс табатын модель, әнші, биші болуды қалайтындар есейе келе өз көзқарасын толығымен өзгертіп жатады. Сонымен қатар бұл мамандықтарды көпшілігі игере алмай жатады. Мамандық таңдауда нарықтағы сұранысы жоғары өзекті қызмет түрлерін анықтап алған дұрыс.

Бухгалтер. Адам қалауы өзгергенімен, уақыт өтсе де, бұл мамандық өз қадірін кетірмейді. Бұл салаға есеп-шотты жақсы көретін, математикаға икемі бар қыздар барғаны жөн.

Қаржыгер. Көптеген халықаралық және ұлттық компанияларда сұранысы жоғары мамандық.

Аудармашы. Бұл үшін кемінде 2 немесе 3 тіл білу шарт. Қарапайым аудармашыдан дипломатқа дейін өсуге болады.

Туризм менеджері. Бүгінде екінің бірі шетелге демалысқа барып жатады. Жылдан-жылға бұл көрсеткіш артуда. Сондықтан турбизнес әрқашан лайықты қызмет түрі болып есептеледі. Ең бастысы – турбизнесте көбіне жастар қауымы жұмыс жасайды. Бұл салада жүрсең адамдармен дұрыс тіл табысуды, жинақылықты үйренесіз.

Стилист-косметолог: әйел затына лайық қызмет. Қаражаты жоғары, сұранысы да соған сай. Бұл мамандық сурет салуға деген икемділікті талап етеді. Шығармашылыққа жақын болу керек.

Дизайнер. Ландшафт саласындағы дизайнерлер жоғары бағаланады. Әр үйдің сәнін келтіретін жиһаз, интерьердің дұрыс таңдалуы осы мамандықтың еншісінде.

Бренд-менеджер. Кез келген тауар өнімінің халық арасына кеңінен таралуын қамтамасыз етеді. Өнімнен келіп түскен пайдаға және тауар көлеміне жауап береді. Шетелде бұл мамандық жоғары сұранысқа ие.

PR саласының маманы. Жарнама саласында қызмет атқарады. Тауардың түр-келбетін жасап шығарады. БАҚ арқылы да жарнама жасайды. Ол үшін жаңа идеяға бай болу керек.

Қыз балалар үшін аталмыш мамандықтардың барлығы дерлік тиімді. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша мамандық таңдаңыз.

3169 1
Рейтинг: +0

Дайындаған: Әсел Жутаева
Фото: Hyser
Қосылған күні: 30 желтоқсан 2016, 18:25
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...