ҰБТ-2016: 125 ұпай жинағандар

ҰБТ-2016: 125 ұпай жинағандар
Фото: massaget.kz

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы төрт күні қорытындыланды. 2-5 маусым күндері өткізілген тестілеуге 72005 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде 51777, орыс тілінде 20228 түлек. Тестілеудің төртінші күні 47 ҰБТӨП базасында өткізілді.

Тестілеудің төрт күнінде 125 ұпайды 16 түлек жинады:

Маткалиева Динара Маратқызы, "Ш. Уалиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия" (Алматы қаласы);

Мейірханова Аружан Ерланқызы, "Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия" (Алматы қаласы);

Оспанова Рамзия Рамазановна, "Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия" (Алматы қаласы);

Мухаметкали Еркежан Досенқызы, "№175 гимназия "Жаңа ғасыр" (Алматы қаласы);

Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, "№169 мектеп лицей" (Алматы қаласы);

Беркинова Акнур Нурболовна, "Қаратөбе мектеп гимназиясы" (Батыс Қазақстан облысы);

Болат Кәмшат Болатқызы, "№17 Семей жалпы орта білім беру мектебі" (Семей қаласы);
Ержанов Нұрасыл Ержанұлы, "№72 мектеп лицей" (Астана қаласы);

Исмаилова Дана Суюндыковна, "Қашыр ауданының Тереңкөл а. Х.Оспанов атындағы №3 ЖОББМ" (Павлодар облысы);

Маратова Ақерке Маратқызы, "Абай атындағы орта жалпы білім беру мектебі" (Шығыс Қазақстан облысы);

Усин Адиль Куатович, "Қызылқақ ЖОББМ" (Павлодар облысы);

Балтабай Ерасыл Айтбекұлы, "Б.Момышұлы атындағы №120 жалпы орта мектебі" (Шымкент қаласы);

Әбубәкір Ақмарал Кенжеханқызы, "А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі" (Оңтүстік Қазақстан облысы);

Кеңесбеков Абылай Еркінұлы, "Мухамед Хайдар Дулати атындағы үш тілде оқытатын №8 мамандандырылған мектебі" (Шымкент қаласы);

Тортай Аяжан Қайратқызы, "М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі" (Оңтүстік Қазақстан облысы);

Түгелбай Фариза Абайқызы, "№178 лицей" (Алматы қаласы).

Тестілеудің төрт күнінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 37 түлек тестілеуден шығарылды, оның ішінде: ұялы байланыс телефондарын пайдалану - 19 оқушы;
емтихан материалдарын бүлдіру - 1 оқушы; сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатына оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру - 17 оқушы.

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік