ҰБТ-ның екінші күні тағы үш түлек 125 балл жинады

ҰБТ-ның екінші күні тағы үш түлек 125 балл жинады
Фото: azh.kz

ҰБТ-ның екінші күні тағы үш түлек 125 балл жинады. Мұндай мәліметті Ұлттық тестілеу орталығы келтірді.

2 және 3 маусым күндері өткізілген тестілеуге 37157 түлек қатысты, соның ішінде қазақ тілінде - 26995, орыс тілінде - 10162 оқушы.

Тестілеу бірінші күні 44, ал екінші күні 60 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді. 

Екінші күні үш түлек мүмкін болған 125 балды жинап шыққан. Олар: Мұхаметқали Еркежан Досенқызы, №175 гимназия "Жаңа ғасыр" (Алматы); Махамбетов Қалдыбек Ибрагимұлы, №169 мектеп-лицей (Алматы); Беркінова Ақнұр Нұрболқызы, Қаратөбе мектеп-гимназиясы (Батыс Қазақстан облысы).

Тестілеудің екі күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзған үшін 10 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: ұялы байланыс телефондары тәркіленген - 9 түлек; емтихан материалдарын бүлдірген - 1 түлек.

Тестілеу нәтижесімен келіспеген оқушылар келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдана алады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады.

Апелляцияға өтінішті беру барысында түлектің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек.

Айта кетейік, 2016 жылы 3 маусымда Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 123 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 25 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5 пайызын құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика, Қазақстан тарихы пәндерінен болды.

Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі: әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы; техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер.

Сонымен қатар, өту деңгейінен өте алмаған бітірушілер биыл қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында 1-8 тамыз аралығында қабылданады, ал тестілеу 19-24 тамыз айының аралығында өткізіледі.

Дереккөз: tengrinews.kz

Г. Берік