Мамандықтың бәрі жақсы: Стилист-имиджмейкер

Мамандықтың бәрі жақсы: Стилист-имиджмейкер

Бұл еліміздегі жаңа мамандықтардың бірі. Шаштараз, визажист, стилист секілді бірнеше бағытты құрайды.

Өте жеңіл кәсіп секілді көрінгенмен, бұл адамның тек сыртқы сұлулығымен ғана емес, ішкі жан дүниесінің ерекшеліктерін, темпераментін де ескере отырып, жұмыс істейтін кәсіп иелері. Түрлі жағдайға (іскери, күнделікті, мерекелік, т.б.) арналған образдар жасайды.

Сондықтан стилист-имиджмейкер түстер үйлесімділігін, эстетика, сән тарихын, адамның физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін терең білу керек. Оның алдына түрлі адам келеді. Солардың барлығының да көңілін тауып, аяғынан тік тұрып, ерінбей-жалықпай, кәсіби қызмет көрсетеді.

Алдымен келген кісінің қандай мәселемен келгенін біледі. Сөйлесе отырып, проблеманың туындау себебін анықтайды. Кейбір жандар түймедейді түйедей етіп, босқа уайымдап жүреді. Мұндай кісілер кәсіби маманның пікірін тыңдап, кеңес алады. Дене бітімінің кейбір ұнамайтын жерлерін бүркемелеу тәсілдерімен танысады.

Нәтижесінде айнадағы өз көркіне өзі таң қалып, стилист-имиджмейкердің қызметіне дән риза болып, өз ажарына, дене сымбатына көңілі толмай жүрген жандар осыдан соң қайтадан туылғандай болады.

Мұндай мамандар адамның тұлғалық ерекшелігін анықтап, тауып, соны аңғартуға үлесін қоса алады. Сондықтан оны психологиялық маңызы бар мамандық деп санауға әбден болады.

Аталған мамандық иелері сұлулық салондарында, имидж, кино, теледидар, театр студияларында, жарнама және сән агенттіктерінде, сән академияларында жұмыс істейді. Сонымен қатар сән әлемінің соңғы жаңалықтарын үнемі хабардар болып, өз біліктілігін көтеріп отыруға тиіс.

Сурет: ©Илья Алешковский

Оқи отырыңыз:

Мамандықтың бәрі жақсы: Ұстаздық еткен жалықпас

Мамандықтың бәрі жақсы: Дәрігер

Мамандықтың бәрі жақсы: Менеджер

Мамандықтың бәрі жақсы: Журналист

Ф. Абилова