Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Мәңгілік ел / Желідегі әңгіме / "Чехов адамның физикалық қажеттілігі жеңіп кететінін көрсеткісі келген..."

"Чехов адамның физикалық қажеттілігі жеңіп кететінін көрсеткісі келген..."

Орыс классиктерінің есімі қазақ оқырмандарына әуелден таныс. А.Чеховтың есімін білмейтін қазақ жоқ шығар. Белгілі әдебиеттанушы, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы жақында өзінің фэйсбук парақшасына жазушының "Ұйқым келеді" атты шығармасы жөнінде құнды пікір білдірген еді...

Амангелді Кеңшілікұлы: "Чехов адамның физикалық қажеттілігі жеңіп кететінін көрсеткісі келген..."

Чеховтың «Ұйқым келеді» деп аталатын әдемі әңгімесі бар. Көлемі екі беттей ғана әңгіменің қысқаша мазмұны мынадай. «Түн. Он үш жастағы үй күтуші қыз Варька ән айтып, сәби уатып отыр. Нәресте түні бойы маза бермей, жылап шықты. Діңкесі құрып шаршаған Варьканың ұйқысы келеді. Бірақ, байқаусызда мүлгіп кетсе, қожайындарынан оңдырмай таяқ жейді, көзі ілініп кетпеуі үшін ол барынша тырысып отыр. Осылай қалжырап жүргенде бір күні ауыр науқастан Варьканың әкесі дүние салады. Байғұс қыздың әкесін жоқтап жылауға да мұршасы жоқ. Ол осы үйдің барлық шәруасын тындыруы және түні бойы көз шырымын да алмай сәбиді тербетуі керек. Ұйқысын бір қандыру –Варьканың ең ұлы арманы.

Кешке таман Варька сыра мен арақ алу үшін дүкенге жүгіріп барып келді, басқа да үй жұмыстарын жасап үлгерді. Сосын... ең соңғы, ең ауыр ісі баланы тербетуге кірісті. Қанша тырысса да Варьканың көзі жұмылып кете береді. Алайда, ұйықтауға болмайды. Бір кезде Варька бір тынығып алуына кедергі болып жүрген жанның кім екенін анық түсінді. Ол – түні бойы ұйықтамай, жылап шығатын сәби. Бұрын Варька осы қарапайым шындықты қалай білмей келген? Жалған түсінік санасын тұмандандырған Варька бесіктің жанына жақындап келіп, нәрестені қылқындырып өлтіреді де, қалың ұйқыға кетеді".

Менің ойымша Чехов осы әңгімесі арқылы, руханилықты қанша биік қойсақ та, адамның физикалық қажеттілігінің жеңіп кететінін көрсеткісі келді. Неге екенін білмеймін, сәбилерін дәретханаға тастап жатқан оқиғалар көбейген сайын, орыс классигінің «Ұйқым келеді» атты әңгімесі есіме түсе береді.

431 0
Рейтинг: +2

Фото: somuchcash.ru
Қосылған күні: 12 қаңтар, 15:47
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...