«Ы.Алтынсарин-2017» халықаралық олимпиадасы үздік оқушы қыздарды анықтады

«Ы.Алтынсарин-2017» халықаралық олимпиадасы  үздік оқушы қыздарды анықтады
Фото: «Қыздар университеті» баспасөз орталығы

Қыздар университетінде еліміздің мектеп бітірушілері арасында өткен халықаралық «Ы.Алтынсарин – 2017» пәндік олимпиадасы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Еске сала кетейік, олимпиада Республикада Алматы облысы бойынша Алматы, Талдықорған, Жаркент қалалары, Кеген ауылдық округі, Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан, Жетісай қалаларында, Қызылорда облысы бойынша Қызылорда қаласы, Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласында, Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында, Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал қаласында, Атырау қалаларында 3 наурыз күні өткен болатын. Білім сынағы әр облыстағы білім басқармаларымен, аудандық білім бөлімдерімен бірлесе отырып өткізілді. Ал тұңғыш рет халықаралық деңгейде өткен Ы.Алтынсарин олимпиадасы 17 наурыз күні Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия елдерінде өтті. Елімізде өткен байқау қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, тарих, химия және метематика пәндері бойынша өткізілді. Ал шетелдік талапкерлер қазақ тілінен тест тапсыру, эссе жазу және мәнерлеп оқу бойынша 3 кезеңнен тұратын сыннан өтіп, бақтарын сынады. Қырғызстан Республикасында олимпиада мектеп бітірушілері арасында ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша алты пәннен жүргізілді: орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, химия және математика. Білім сайысының ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл болды. Дәстүрге айналған шара 2012 жылдан бері оқу орынның басшысы Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызының бастамасымен өткізіліп келеді.

Марапаттау рәсіміне өз елімізде өткен олимпиаданың жүлдегерлерімен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолияның жеңімпаз атанған оқушылары және олардың ата-аналары мен ұстаздары қатысты.

Олимпиаданың марапаттау рәсімін университет ректоры Динар Нөкетаева салтанатты түрде ашып, барша жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтады. Құттықтау сөзінде оқу орны басшысы мектеп түлектерін университет тарихымен, тыныс-тіршілігімен, университеттің білім алушы студенттерге беретін барлық мүмкіндіктерімен қысқаша таныстырды, І дәрежелі дипломдарды жеңімпаздарға өз қолымен  салтанатты түрде табыс етті. Ал, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарды оқу орынның Бірінші проректоры Баходир Әлиев пен Әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор  Зәуреш Сабырова табыстады. Алғаш рет халықаралық деңгейде өткен олимпиада жеңімпаздарын марапаттау құрметі елімізге белгілі қоғам қайраткері Мұрат Әбеновке берілді.

Биыл «Ы.Алтынсарин-2017» пәндік олимпиадасына еліміздің барлық облыстарынан 4000-ға жуық оқушы қатысса, шет елдерде өткен білім сынағына 500-ден астам мектеп оқушылары қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша шет елде өткен білім сайысында 22 оқушы, республика бойынша 27 оқушы жеңімпаз атанды. Ал, республика бойынша олимпиаданың деңгейінен өткен 1253 қатысушы ҚазМемҚызПУ-дың оқу төлемақысына жеңілдік беретін арнайы сертификаттармен марапатталды. Аталған сертификатқа шетелдік мектеп бітіруші 136 түлек те ие болды.

Халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары қуаныштарын жасырмады. Өзбекстан Республикасы бойынша бірінші орын жеңімпазы Меруерт Пернеева мен Моңғолия Республикасы бойынша бірінші орын иегері, Баян Өлгий аймағы, Руханият мектебінің 12-сынып оқушысы Жүзік Төлеухан тебірене сөз сөйлеп, қуаныштарын жыр жолдарымен жеткізіп, арнау өлеңдерін оқып берді.  

«Менің қуанышымда шек жоқ. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жеңімпаз атанғанымды алғаш естігенде тіптен қуандым. Мені қолдап ата-бабамның кіндік қаны тамған жерге алып келген ата-анама, Баян Өлгийдегі барша туған-туыстарыма үлкен алғысымды білдіремін. Арулар ордасы туралы жақсы таныспын. Жақсы мамандықтар дайындалады екен. Киелі қара шаңырақты бітірген қыздардың жаман болмайтынын білем. Көптеген белгілі тұлғалардың осы білім ордасынан шыққаны қуантты. Тәрбие орталығы болып табылатын Парасат мектебінде білім алатындығыма өте қуаныштымын. Өзім өлең шығарып, жазуға жақын болғандықтан Сіздерде шығатын университет газетімен де кейін тығыз жұмыс істеп, дүниелерімді шығарғым келеді», дейді олимпиаданың жеңімпазы, тегін оқуға мүмкіндік алған ақын қыз Жүзік Төлеухан.

Мектеп түлектеріне тегін білім, яғни грантты ұтып алуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар  қабілетті де дарынды оқушыларды қолдау мақсатындағы байқау биылғы жылы осымен алтыншы рет ұйымдастырылды.

Жеңімпаз атанған барша мектеп түлектерін жеңістерімен құттықтай отырып, төменде «Ы.Алтынсарин – 2017» олимпиадасының биылғы жүлдегерлер тізімін ұсынамыз:

Пән атауы

Аты-жөні

Мектептің аты

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті

1-дәрежелі диплом иегері

Айтбаева Нұрай Айтбайқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ш.Уәлиханов ат. №26 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Қадыржанова Жансая Қадыржанқызы

Атырау қаласы, Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия

3-дәрежелі диплом иегері

Қазыбек Аружан Үркенқызы

ОҚО, Мақтаарал ауданы, Ынталы ауылы,                                        №91 Ы. Алтынсарин ат. жалпы орта мектебі

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті

1-дәрежелі диплом иегері

Талғатбек Алтынай Қазбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей

2әрежелі диплом иегері

Абжанова Алия Кайратовна

Қарағанды қаласы, Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені

3-дәрежелі диплом иегері

Сайдолла Ақсұңқар Серікқызы

ОҚО, Шымкент қаласы, №58 жалпы орта мектеп

 

 

Тарих

1-дәрежелі диплом иегері

Заманбекова Айнур Толеубекқызы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылындағы орта мектебі

2-дәрежелі диплом иегері

Қаржаубай Ақбота Бақбергенқызы

ОҚО, Төле би ауданы, Қасқасу шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі

3-дәрежелі диплом иегері

Есетова Лаура Ерланқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,                                                   

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

 

 

География

1-дәрежелі диплом иегері

Әбдіғаппар Айдана Еркінқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, "№3 Жаңақорған аудандық жалпы білім беретін мектеп-интернаты

2-дәрежелі диплом иегері

Шадыбай Сара Кенжебайқызы

ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы,                       Б. Момышұлы ат. №6 мектеп-гимназия

3-дәрежелі диплом иегері

Убайдулла Наргиза Бауыржанқызы

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №196 орта мектеп

 

 

Биология

1-дәрежелі диплом иегері

Жұмабай Арайша Қазбекқызы

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,

 Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Абдрахманова Жанайым Айдосқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

3-дәрежелі диплом иегері

Абдуллаева Гүлнұр Ерболқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

 

 

 

Физика

1-дәрежелі диплом иегері

Мәдуан Диана Әуелбекқызы

Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарынмектеп-интернаты"

2-дәрежелі диплом иегері

Жарылқасынқызы Ұлжан

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,  С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектеп

3-дәрежелі диплом иегері

Сүннен Айгерім Бақытжанқызы

Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарынмектеп-интернаты"

 

 

Ағылшын тілі

1-дәрежелі диплом иегері

Абайдулла Мөлдір Еркінқызы

Қызылорда қаласы, №212 мектеп-гимназия

2-дәрежелі диплом иегері

Кенжебекқызы Мереке

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,

Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

3әрежелі диплом иегері

Махмудова Диана Умиджановна

ОҚО, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, «№104 Е.Юсупов атындағы жалпы орта мектебі»

 

 

Химия

1-дәрежелі диплом иегері

Шабар Назерке Мейрамбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектеп

2-дәрежелі диплом иегері

Ізтай Ботакөз Болатбекқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицей

3-дәрежелі диплом иегері

Нұрмахан Ақерке Ерланқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп-лицей

 

 

Математика

1-дәрежелі диплом иегері

Тлеуқұлова Мөлдір Ерболқызы

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Ж. Акылбаев ат. мектеп-гимназия

2әрежелі диплом иегері

Бақытқали Камила

Талдықорған қаласы, Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп

3-дәрежелі диплом иегері

Шайкасымқызы Жанерке

Тараз қаласы, Ерекше дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарынмектеп-интернаты"

М. Оңғарова