Алтынсарин-2016 олимпиадасының грант иегерлері

Алтынсарин-2016 олимпиадасының грант иегерлері
Фото: photo-studio.kz

16 сәуір күні Қыздар университетінде республикалық «Ы. Алтынсарин-2016» пәндік олимпиадасының грант иегерлері анықталып,  жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Еліміздің мектеп бітірушілері арасында өткізілген пәндік олимпиада ақпан айының аяғында еліміздің жеті бірдей облысында, атап айтқанда Алматы, Талдықорғандағы Жаркент қаласы мен Райымбек ауданының Кеген ауылында; Жамбыл облысы бойынша Тараз қаласы мен Қордай ауданында; Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент және Түркістан қалаларында; Қызылорда облысы бойынша Қазалы, Жаңақорған, Қармақшы аудандарында, Қызылорда қаласында;  Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей және Өскемен қалаларында; Қарағанды облысы бойынша Қарағанды қаласында; Батыс Қазақстан облысы бойынша Орал мен Атырау қалаларында өтті.

Олимпиада сегіз пән бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы және химия. Білім сайысының ең жоғарғы көрсеткіші – 100 балл. Дәстүрге айналған шара 2012 жылдан бері оқу орынның басшысы Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызының бастамасымен өткізіліп келеді.

Шараның басты мақсаты  республикамыздың талантты жастарын айқындап, қолдау көрсету, дарынды жастардың қабілетін жүзеге асыруына көмектесу, мектеп бітірушілеріне мамандық таңдауға көмектесу, дарынды талапкер қыздарды Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне тарту. Осымен бесінші рет өткізілген олимпиаданың ерекшелігі – оған тек қана қыз балалар қатысады.

Қыздар университетінің мерейтойлық олимпиадасының марапаттау рәсімін университет ректоры Динар Нөкетаева салтанатты түрде ашып, барша жүлдегерлерді жеңісімен құттықтады. «Биыл республикалық деңгейде өткен «Ы. Алтынсарин-2016» пәндік олимпиадасына еліміздің барлық облысынан 3500-ге жуық оқушы қатысты. 600-ге жуық қатысушы олимпиаданың деңгейінен өтіп ҚазМемҚызПУ-дің оқу төлемақысына 10% жеңілдік құқығына ие болды. 24 оқушы Ректор грантын иеленді.

Байқаудың қорытындысы бойынша, биыл жеңімпаз атанған 24 оқушыны  жеңістерімен құттықтай отырып, төменде жүлдегер атанған қатысушылардың тізімін ұсынамыз:

Аты-жөні

Облыс, қала, мектебі

География

 1

Орынбасарова Мадина Жанабаевна

Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп

 2

Оңғар Алуа Ханатқызы

Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп

 3

Нұрмаханбет Айдана Маликқызы

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Д. Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия

Дүние жүзі тарихы

 4

Амангелдиева Наргиз Қанатқызы

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған ауылы, №37 орта мектеп

Иличкина Дарья Алексеевна

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, А. Пушкин атындағы  №7 орта мектеп

Шакарманова Ұлмекен Мұхтарқызы

Қызылорда қаласы, №261 орта мектеп

Биология

 7

Нарманова Ләззат Арыстанбекқызы

Қызылорда қаласы, И.В. Панфилов атындағы №5 мектеп-лицей

 8

Ерболатова Эльвира Еркінқызы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектеп

 9

Кенжебай Әсел Сейілханқызы

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №266 мектеп-лицей

Физика

10 

Пернебек Тоғжан Еркінқызы

ОҚО, Қазығұрт ауданы, Ж. Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты

11 

Тлепбаева Молдир Маратовна

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп

12 

Дарменова Айгерим Уралбаевна

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,  Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп

Химия

13 

Сағынова Арайлым Ғабитқызы

Атырау қаласы, С. Мұқанов атындағы №10 орта мектеп

14 

Муса Айдана Бектұрқызы

Жамбыл облысы, Қордай  ауданы, Д. Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназия

15 

Жолдан Аружан Асанқызы

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ш. Сымаханұлы атындағы орта мектеп

Ағылшын тілі

16 

Тусупова Гаухар Казбеккызы

Тараз қаласы, Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернаты

17

Тлеуқұл Аружан Бауыржанқызы

Тараз қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия

18 

Қайсар Нарқыз Ерболқызы

Қызылорда қаласы, Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті

19 

Жаримбетова Сулухан Берікқызы

Тараз қаласы, И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназия

20

Жақан Мөлдір Нұрланқызы

Қарағанды қаласы, С. Саттаров атындағы №57 мектеп-лицей

21

Әмерқұл Нұрай Майданқызы

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Б. Бөлтірікова атындағы №4 орта мектеп

Орыс тілі мен әдебиеті

22 

Долгих Дарья Александровна

ШҚО, Бородулиха ауданы, Жезкент ауылы, "Жезкент" лицейі

23

Каливошкина Дарья Владимировна

ШҚО, Семей қаласы,  №10 жалпы білім беретін орта мектеп

24

Жалғасбаева Динара Маратқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей

Г. Берік