Ұшақты алдыңғы шассисіз қондырған Bek Air командиріне "Халық қаһарманы" атағы беріледі

Ұшақты алдыңғы шассисіз қондырған Bek Air командиріне "Халық қаһарманы" атағы беріледі
Фото: tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұшақты алдыңғы шассисіз қондырған ұшқыш Дмитрий Родин мен жарылыс кезінде сарбазды денесімен жауып қолған Қайрат Үмбетовті мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі мен әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін: жоғары дәрежелі марапат белгісі  "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын: Родин Дмитрий Олегович − "Fokker-100" әуе кемесінің командирі, Алматы қаласы; Үмбетов Қайрат Жарылқасынұлы  Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы  6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары",  делінген жарлықта.

Дереккөз: Tengrinews.kz 

С. Ерсін